Сейсенбі, 07.05.2024, 10:29
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Желтоқсан » 1 » Jako: "Менің жастық шағым"
14:47
Jako: "Менің жастық шағым"


Жанаттың ұсынған эстафетасына не жазарымды да білмей отырмын. Біздің балалық шағымыз туралы айта бастасақ қазіргі жастарға жабайы көріне ме деп қорқамын. Тұрмыстың күйбеңімен артыңа да көз салу сиреген мына қатігез уақытта мен де жас болғанымды ойыма түсіргендеріңе рахметтен басқа айтарым жоқ.
Біздің қатарлардың балалық шағымыз өте таза,қызықты бала өмірімен өтті десем қателеспеспін. Ертеңге деген сенімсіздік, уайым болған жоқ. Балалар арасында бәсекелестік деген байқалмайтын, керзі етікті киіп алып асыр салып ойнаумен өтті де кетті. Ал жігіт бола бастаған шақтағы өмір қызықшылығы көмескіленсе де есімде ғой, ол кездер ұмытылытындай ма еді, шіркін. Би, көкпар, күрес, төбелес бәрінен де қалыс қалмадым. "Үшарал, Талас өңірі туған жерім, Ошақты, Аталығы менің елім.Сауықшыл сол елімнің арқасында, Күнде той, күнде думан жүрген жерім"-деп әндетіп жүрдік қой.

Біздің кезде де вечер деген болатын еді. Мұғалімдерден ұрланып жасайтынбыз. «Рекорд»-деген қиқылдақ радиолаға пластинканы салып жіберіп биге басатынбыз.Неге екенін қайдам сол кезде вальс көп билейтінбіз, мүмкін қыздардың қолынан ұстаудың өзі арман болғандықтан болар.
Сегізінші кластан соң 12 пәннен мемлекеттік емтихан тапсыратынбыз. Есесіне 9-шы класта емтихан болмайтын да оның орнына ауылшаруашылық саласында бір ай практика болатын. Әр жерде әр түрлі жұмысқа апаратын еді. Мысылы шымкентте мақтаға, Таразда қызылшаға дегендей. Біздің ауылы мал шаруашылығы болғандықтан көктемде сақпанға(қой қоздау уақыты) баратын едік. Нағыз қызықтар сонда болатын еді. Күні бойы қозы соңында салпақтап шаршағанымызды ұмытып, түнімен ақсүйек ойнайтын едік. Одан кейін студенттік шақ келді. Бұл кезеңге де еш өкпем жоқ, керемет кездер еді ғой.Шымкент ол кезде дәл мұндай қайнап жатқан жоқ. ЧЭТ(Шымкент әнерго техникумы) Долоресо көшесі мен Бадам өзенінің арғы жағасындағы жалдаған квартирамызға жаяу барып келетін едік. Одан 90-шы жылдар келді де бір қайнаған, қауіп-қатері мен қызықшылықтары араласып кеткен жылдар басталды. Қиын жылдар болды ғой, қаншама мықты жігіттер не үшін екенін білмей өмірден кетті, көбінің артында ұрпақ та қалған жоқ. Енді міне немерелер бар, шынымды айтсам бір кездері осыған жетемін деп ойлаған емеспін, қазір ғой түк болмағандай. Қазіргі өміріме еш өкпем жоқ, біраз нәрселерге үлгердім, тоба деймін.

Мынандай радиолаға билейтінбіз.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Мынандай магнитолалар да болы, бірақ біздің қолғак түсе бермейтін.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағымАқ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Ал енді көне суреттер сөйлейді, ескі альбомымнан соткамен түсіріп алдым, сапасы сын көтермейді-ау, кешірерсіңдер.

Ол кезде 10-шы кластың қыздары мектепте былай киініп жүретін, гитарада менмін.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Студентік шақтарым.Алдыңғы қатарда иегін ұстап отырған менмін.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Отырған екеудің оң жағындағы менмін, негізі бұйрабастар менмін ғой.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Сол жақта тұрған мен.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Жастық шақ, отырған екеудің оң жақтағысы мен.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Ауылдағы күндерім… Оң жақтан екіншісі мен.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Оңжақтағы бірінші отырған менмін.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Оң жақтағы мен.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Ал енді мынау қазіргі Жако ағаларың немерелерімен бірге.
Ақ парақтағы ойлар: Jako: Менің жастық шағым

Суреттердің сапасы өте нашар ,өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы суреттер ғой. Сапасын кешірерсіңдер.


56 пікір

avatar
Жақсы естелік суреттер.
Кішкентай кезімде, ескі суреттерді көріп бұрынғы заманда барлық заттар ақ-қара болған ба деп ойлайтынмын. Сосын, атам мен әжемнің үйіне қонаққа барғанда (шамамен 5 жастамын, жалпы олар жас отбасы бөлек әрі басқа елде тұрғандықтан өте сирек көріппін оларды) олардың әкем мен анамның әкесі мен анасы екенін білгенде қызғанып кеткенмін ғой, екінші жағынан сенбей қойғанмын, ойда түк жоқ сөйтіп кішкентай болып жүре беретін шығармын деп ойласам керек. :)

Соңғы суреттегі немерелеріңізбен түскен суреттеріңіз өте жақсы сәт екен. Сіздің жолыңызды бізге берсін.

Осындай мағынадағы пост жазуға біз әлі талай жыл өмір сүруіміз керек.

Аман жүріңіз. :)
avatar
Іні-қарындастарымның балалары да жанымнан шықпайды, солармен қоса ғой.
avatar
Ұзақ жасаңыз, ағасы.
avatar
Рахмет Әлеке,әлі ойда біраз нәрселер бар.
avatar
Жастық шағыңызға барып келіпсіз ғой:) Айтарлықтай өзгермепсіз. Тек шашыңызға ақ түспегені болмаса…

Баяғыда інім әкем мен мамамның осындай черно-белый фотоларын көріп, неге мені тастап кеткенсіңдер, өмірі сол, бір жақа барсаңдар, мені тастап кетесіңдер, мен қайдамын, баяғы үйдемін ба… деп жылаған болатын. Ал, тойларындағы фотоларды көріп уаще… Өтірік маманын артында тұрсын деп жұбатқанымыз бар.

Немерелеріңіздің қызығын көріңіз, аға!
avatar
Ақтық сөз арманды туралап жедім.

Рахмет Қырмызы, Алла көңіліңді көтерсін!
avatar
Эстафетаны жасы үлкен бір кісіге ұстатуды ұмытыпсыз…
avatar
Жооооқ сенімді біреуге ұстатқаны абзал. Жас, шымыр анау мынау… Мен ғой короше ық ық
avatar
Кімге ұсынайын намек тастаңдаршы, мен жастарында онша білмейді екенмін.
avatar
жоғарыдағы мырзаға береіз-ау, намектап отыр
avatar
Айналайын қырмызы кәдімгідей сұрап отырмын ғой дажы. Жасым болса 23 те
avatar
Үйййй, менен сұрағаны несі, Жако ағаға айтсаңызшы, менің қатысым жоқ қой…
avatar
Соны айтамғо, сен намектеп жатыр дейсің, ал мен наглы сұрап отрмын, Аға ну пожалустаа!!!
avatar
Жастық шағыңыз туралы жазбаны асыға күтеміз,жасы үлкен бір кісі :))))
avatar
dabidoff мырза кетті сізге эстафета таяғы,қабыл алыңыз.
avatar
Негізі бұл құрмет бәрімізге тиесілі. Ағаларымыз берген жауапкершілік бәріміздің мойынымызда!!! Естимісің Қырмызы xаным ықықық
avatar
күлкіңіз…
avatar
Әзілдеп жатырмын! Үшінші онжылдығыма жетіп алайын алдымен…
avatar
Ризамын сізге. Немерелеріңіздің алдында күліп ойнап жүре беріңіз. Бір құдды сіздің жолдастарыңыздың бірі болып сізбен бірге өскендей әсерде болдым. Өте жақсы жазба, демімді ішіме жинап оқып шықтым.
avatar
Рахмет, рахмет Ербол.
avatar
Жерге қалдырмағаныңызға рахмет аға. Немерелеріңіз сізге шөбере сыйласын. Сол кезедрдегі қыздарды қалай сындырушы едіңіздер сол жайлы тоқталып кетсеңіз, сол уақыттарда қыздар вечерге школный формамен барған дейді ғой, қазіргінің қыздары көше тұрмақ мектепке кимейді ғой формалараын
avatar
Жанат, шынымды айтсам сол қыздарды сындыру дегеніңді түсіне бермеймін, жас кезімде де қыздар жағына онша көңіл бөле бермеппін.Жас кезімде вечерлерде қалаған, көңіліме жақын қыздар қалаған кезімде жанымда отыратын,өз қалауларымен әрине.Одан басқа бір жаман ой деген болып көрмепті. Айтып отырмын ғой, ол кезде қыздардың қасиеттілігі сонда,қолдарына қолымыз тиіп кетсе денемізден ток жүгіріп өткендей болатын.Қазіргідей бір-бірімен сүйісіп,құшақтасып амандасып,әбден адамдардың қытығы басылып қалған уақыт емес еді ғой.Содан да болар көршімнің қызының бойжетіп тамаша қыз болғанын үйленетін кезге жақындағанда(22 жасымда) бір ақ байқаппын ғой, оған дейін төбелестен көзім тұманданып жүргені ғой, сонда жас айырмамыз бір ақ жыл.Содан бір жыл жүріп үйленіп тындық. Ал енді 90-2000-шы жылдар аралығында қыздар туралы әңгіме қылғым келмейді, ол бір кезде сондай заман болды.Саунам, кафем болды, ол заманда басқа бизнес жүрмейтін кез еді ғой, обшым кинолардан көріп жүрсіңдер ғой, тәрбиелік мәні шамалы.Негізі адамдардың мінез-құлқындағы әлсіздену сол жылдары белең ала бастады.
avatar
Керемет ағасы)Немерелеріңіз көп екен, қызығын көріңіз)
avatar
Рахмет.
avatar
біздің кезде романтик, элетроника дегендер бар еді соған билеуші едік
avatar
Ооо, оны да көрдік қой кейінірек, әсіресе Романтик мықты еді, қызыл белорусь тракторлар сияқты.
avatar
керемет, осындай посттар керемет естеліктерді еске түсіреді, тәтті балалық арман кезге жетелейдіііі
avatar
Дұрыс айтасың Aikona, Бір жылда мектепті үш қазақ, бір орыс кластары бітірдік(ол кезде мектеп онжылдық еді). Әр қазақ кластары 33-35 оқушыдан(105 оқушы), ал орыс класында 21 оқушы болды. Солардың бәрі көз алдымнан диафильм лентасы сияқты өтті. Әншеінде ойлай беруге де уақыт(құлық)жоқ қой, пендешілік-ай десеңші.
avatar
Керемет!!!
Осындай суреттерді әкемнің альбомдарынан көретін ек… Бірінші сурет атамның үйін есіме түсірді. Онда да қараңғы бөлмеде жасамайтын біреуі тұратын

Көп жасаңыз!!! Немерелеріңіздің қызығын көре беріңіз!!!
avatar
Рахмет ereke_enu, ол кезде бұл дүние «роскош быта»- деп саналатын, барлық үй алуға тырысатын.Бір қызығы көптеген үйде радиосы болмаса пластинка ойнатқышы істемейтін.Себебі бір ине деген пәлесі құрып қала беретін дағы табылмаушы еді.
avatar
Немерелеріңіздің сіздей «продвинутый» атасы бар бақытты ғой. Ана шеттегісі бұзық ау дим да?))) Тұрысы бөлек екен)
avatar
Жиен ғой, бұлардың бұзық емесі жоқ, айтқандары болып тұр ғой.
avatar
Жақып аға суретке қарасам сәл түріңіз де албырт шағыңызда, тымырайған мұртыңызда актер Гауһартас фильміндегі Тастан рөлін сомдаған актер Әнуар Боранбаевқа ұсқыныңыз келеді екен ))
avatar
Рахмет Мәке! Ол кезде кім біліпті, Битлздің дәуірлеп тұрған уақыты болғаннан болар, жастар осылай жүруге құмар еді.
avatar
иә, байқадым. Шашыңыз Джон Леннонға, ұсқыныңыз Әнуар Боранбаевқа. Иоко Оно Үйдегім апамыз емес па )
avatar
Одан да жақсы,әрине Джон Леньонның емес, менің көзіммен қарағанда))))
avatar
))))
avatar
мяяя, ағасы-ау, сымбатты жігіт болыпсыз ғой)))
avatar
а ля Ануар Боранбаев
avatar
Жако ағай, өзіңіз туралы мәліметтерді өзгертіңізші анкетаңыздағы. Мен сізді 99-шы жылғы жас жігіт екен ғой деп ойлап жүргем. Заттыбекпен түскен суретіңізді әкесі немесе атасы шығар деп ойлағам.
Сізге, ұзақ та қызықты ғұмыр тілеймін! Немере-жиендеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіз!
avatar
Заттыбек інім ғой,қатты силаймын.Мен үшін Заттыбек екінші Шәмші сияқты, бір ауылдың түлектері ғой.
avatar
Міне, таза жазба! Өзіндік ой, көзқарас, естелік, суреттер… бәрі-бәрі бар. Ұнады, мықты жазбалар қатарында. Шөбере, шөпшек сүйіңіз иншАллаһ!
avatar
Ого, Жездекем сұлу жігіт болыпты ғой. Сол кездің киімдеріне дейін тартымды.
… дененіз айналып жатыр екен....әнееееу суреттерде)))
avatar
Рахмет, балдыз, ләбізіңнен айналдым!
avatar
ооо шалбарды қара.қәзіргі шалбармен салыстырсаң биздики гамаж екенғо)))
avatar
Әр уақыттың өз талғамы ғой, біздің уақытта бұл шалбарларды «расклеш»-деп атаушы еді.
avatar
жастық шағыңыз күшті екен!
avatar
Жастық шақ — деген, Алланың пендесіне тартқан ең бір тамаша силарының бірі ғой.
avatar
Жақсы айттыңыз
avatar
Біз кейін сіздің жасыңызға келгенімізде қалай айтатынымызды ойлап кеттім…
Аспанда ұшыып жүрген роботтарға қарап «Біздің жас кезімізде машиналарда дөңгелек болушы еді» деп еске алатын шығармыз.
Менің де анамның осындай күрішке барған кездегі суреттері, студенттік кездегі суреттері көп)
Алланың нұры жаусын сізге, көкесі!
avatar
Қайдам Димаш, алдағы 20-25 жылда айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды ма деп ойлаймын.Себебі заманның қазіргі өзгерістерді де бойына сіңіріп алып, екшеуден өткізуге біраз уақыт бәрібір керек деп ойлаймын.
avatar
Жако аға керемет суреттер! Балалық шақтан жақсы естеліктер қалған екен.
avatar
Рахмет Жамбо, көрінбей кеттің ғой.
avatar
Оххх Аға суреттеріңіз тамаша. Әсіресе гитара ұстаған суреттеріңізге сүйсіне қарап отырмын. Гитараны жанымдай жақсы көремеін, дыбысын айтсаңызшы… Маған гитара шерте алатын бір жақсыыы жігіттің кездеспей-ақ жүргені))))))))))))))))))))) ҮміТсіз шайтан деген))))))))))))))))))))

Ұзақ жасаңыз Аға, немерелеріңіздің қызығы таусылмасын!
avatar
Біздің кезімізде жалбыраған ұзын шаш пен гитара мода еді, Битльз дүрілдеп тұрған кез еді ғой.
avatar
қызық екен! осылай немерелеріңіздің арасында әлі көп жыл бақытты ғұмыр кешіңіз!
Просмотров: 2 | Добавил: Jakup | Теги: қазір, кеше, жастық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0


Көрсетілім: 1158 | Қосқаны: Jakup | Теги: бүгін, кеше, жастық | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика