Жұма, 03.05.2024, 07:27
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Желтоқсан » 24 » Айтаберлік бір ініме ашық хат.
09:01
Айтаберлік бір ініме ашық хат.


Бүгін маған осы сайтта пікіріміз қайшы келе беретін бір белсенді қолданушыдан хат келді. Көптен бері осы қолданушы мен мен жайында дұрыс түсінікте ма екен деген ой мені де мазалауда еді. Осы хатты оқу үстінде желкемнен бір ауыр жүк түскендей рахат сезімге бөлендім. Бұл жерден ешбір жеке құпия көрмегендіктен жауап хатымды ашық пост түрінде жариялап, өздеріңнің талқыларпыңа салғым келді.

Уағалейкумассалам інім, менің саған еш ренішім жоқ.Сенің жекеге түсіністікпен осылай хат жолдағаныңның өзі неге тұрады. Сен туралы қателеспегендігіме көзім жете түскендей. Мен адамды түсіне алатын жастамын.Көзіңе мақтағаным емес, сенің жан-жақты, көп оқыған, көп нәрселерді білетін жігіт екеніңді ішім сезеді.Негізі жазу, қарым-қатыныс стилің де маған ұнайды, тек асып кетпесін деген ағалық (жасым үлкен болар деймін)ниетпен айтамын.Осылай ашық жаза бер, одан артық, ерсі ешнәрсе көріп жүрген жоқпын, қайта өзіңе жарасымды көрінеді. Кейде бұлай жазбасаң сайт тым формальді, көріксіз,іш пыстырарлықтай болып керер ме еді деп те ойлаймын. Менің артықтау,қаттылау кетіп қағаныма мән берме,үлкендік айту менің міндетім, бір жағы кешіріп қой. Мен негізі Айтабердің «Керекинфо»ның ізіне түсіп кеткенін қаламаймын. Бұл Керекті ұнатпағаным емес, ол өзіндік жолы, стилі бар керемет сайт, бірақ оны қайталаудың керегі бар ма? Қайталайын дегеннің өзінде дәл сондай болып, Керекке жете алады ма? Міне мәселе осында. Сондықтан мен Айтабердің салмақтылау, жастардың өз шығармашылығын алуан стилде (Керекте негізі бәрі бір стилде жазады ғой)көрсете алатын сайт болғанын қалаймын. «Сізге шырылдаудың не қажеті бар, сіз кімсіз бұл жерде, тыныш жүре бермейсіз ба?»-деген сұрақтың тууы әбден заңды.Мен бұл сайтта ешкім емеспін,қарапайым қолданушымын. Дегенмен сайт құрылған алғашқы күндерден біте қайнасып, араласып келе жатқан соң салғырт, немқұрайлы қарай алмайды екенсің.Сайттың әрбір күні,әрбір алған демі менің де өмірімнің бір бөлшегіне айналып кеткендей. Сайттағы қолданушыларда менің виртуалдық өмір ортама(коллективке) айналып, көзге көрінбейтін бір нәзік тамырмен тығыз байланыста шиелінісе түскендей.Сондықтан да мен «не болсаң ол бол»-деген принціпті ұстай алмай жүрмін. Міне ағаңның жайы осы. Негізі өмірдегі кез-келген шындық пікірталастардан туындайды, соған қарағанда пікірлер кере қарыстығы жаман нәрсе емес. Тек қана алға.
Бұл постан туындайтын мораль,«адамдар арасында түсініспеушіліктер туындамасын, не нәрсенің болса да шешімі бар»-болса керек.
  • +12
x

Ұқсас жазбалар:

avatar

17 пікір

avatar
Қайсысы болды екен ол )))))?
avatar
Қайсысы болды екен ол )))))?
Мақпал деген сайттағы аты қалай?
Жанагы адамдардан кешірім сұрармын))))))))))))) оларға деген жақсы ойдамын
avatar
Міне Қайырбек деген осы болуы керек ))
avatar
Жарайсыз аға! Кім екенін біліп тұрмын :-))
avatar
Сол, сізге хат жазғым кеп жүрген! Не істедім деп қоямын… Мына жазбаңыз бен сайттағы Жако ағаның айырмашылығы жер мен көктей… Қайсысына сенерімді білмеймін. Әй, аман болыңызшы…
avatar
Үлкен кісі ғой, Айтаберге ақыл айтып, жөн сілтеп отыратын адам да керек, әйтпесе, біздер, жастар көп жағдайда қателікке бой алдырып жатамыз ғой :-)))
avatar
келісемін, үлкен кісі. Бірақ көп жағдайда "үлкендігін" жасау керек. Не жайлы айтып жатқанымды Жако ағаның (қызы ма, немересі ме білмеймін) өзі түсініп отыр.
avatar
Қырмызы қалқам, пікір не туралы болып жатыр, түсінсем мүлде бұйырмасын.Менің жазған постымның сізге еш қатысы жоқ. Атап көрсетпегеніммен белгілі бір адамға арналған.
avatar
Түсініп отырмын. Осы постты пайдаланып, сізге өкпемді айттым.
түсінсем мүлде бұйырмасын.
бұйырмай-ақ қойсын одан да
avatar
Ол не өкпе Қырмызы, түсінбедім, не үшін?
avatar
Қырмызы, маған өкпеңіз бар ма, түсінбедім, жазбаммен менің өзімнен не айырма көріп жүргеніңді. Мен сол бір қалыптамын, еш өзгерісім жоқ.
avatar
Жәке қалайсыз, кешірім сұраса, ол адам түзелейін дегені де )), жөнін білсе дұрыс, білетін сияқтымын, ))
avatar
Жақсы Мәке, есі бар қисық қой))))
avatar
)))))
avatar
Қайсы Жако ағама ренжеп жүрген немесе ренжеткен. Қызмызы ол кісі өтеее жақсы адам. Бұның алдында басқа сайттарда көп жүрген адам ғой. Үлкен болған соң айтандары орынды деп ойлаймын қай сөздің болса да, кейде өзіміз тым артық кетіп жатамыз, сол кездерде ғой Жако ағаның қарсы шығатыны.
avatar
))))Мәз болған смайыл…
avatar
Жакеңе рысбек
Көрсетілім: 667 | Қосқаны: Jakup | Теги: Хат, көңіл, күй | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика