Астана. 21 шілде. Baq kz- Қазақстан
Республикасының Статистика агенттігімен жүргізілген өңірлердің
әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінің нәтижелері бойынша Жамбыл
облысы дамудың жоғары қарқынын көрсетуде, деп мәлімдейді облыс
әкімдігінің баспасөз қызметі.
2012
жылдың әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінің нәтижелері бойынша
облыс республика өңірлерінің арасында 1 орынды иеленді.
Облыстың
жалпы өңірлік өнімі 2012 жылы 778,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылдың
деңгейінен 143,9 млрд. теңгеге ұлғайған (НКИ - 112,7%).
Өсім қарқыны
2013 жылы да сақталуда. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының
қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 2012 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда нақты 4,5%-ға өсіп, 157,5 млрд.теңгені құрады.
Жалпы,
облыс экономикасының даму қарқыны соңғы он жыл ішінде барлық бағыттар
бойынша өсті. Оның ішінде, өнеркәсіп өндірісі 5 есеге, ал, жалпы
аймақтық өнімнің көлемі 9 есеге ұлғайды.
Дереккөз Baq kz