Дүйсенбі, 06.05.2024, 06:30
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 13 » Жамбылда көк күмбезді мешіт бой көтерді.
11:42
Жамбылда көк күмбезді мешіт бой көтерді.


Жамбыл. 13 қазан. Baq.kz - Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылында орналасқан аудандық «Сұлтан» мешіті толықтай жөндеуден өткізіліп, қасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында құлшылық үйінің жаңартылған ғимаратын ел игілігіне тапсыру салтанаты өтті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.  

«ҚМДБ» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы болып қайта тіркеуден өткен «Сұлтан» мешіті 2006 жылы ауданның құрметті азаматы Садықов Сәбит Сұлтанұлының қаржысымен тұрғызылған болатын. Бұл құлшылық үйі араға жылдар салып, мешіттің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Жадыраевтың ұйымдастыруымен Құрбанов Иманғали, Сұлтан Жұмаділдәұлы, Еркін Жұмаділдәұлы, Садықов Сәбит қатарлы азаматтардың демеушілігімен күрделі жөндеу жүргізілді.

Рухани салтанатқа қатысқан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Һибатулла-Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев демеуші болған кәсіпкер азаматтарға өкілдіктің арнайы алғыс хаттарын табыс етті.

Сондай-ақ, шараға алыс-жақыннан құрметті азаматтар мен зиял қауым өкілдері және аудан әкімі Марат Исмаилов, Қазақстан жазушалар одағының хатшысы жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев қатысты.

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні өткен рухани шара қасиетті Құран оқылып, Бас мүфтидің бата беруімен басталды.
Алғашқы болып сөз алған Ержан қажы Малғажыұлы хазреті: «Бүгін біз ұмытылмас тарихи қуанышқа куә болудамыз, себебі Аллаһтың үйі қасиетті жұма күні, әрі бүкіл әлем мұсылмандарының асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында ел игілігіне берілуде. Баршаңызды алда келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Аллаһ Тағала баршамыздан разы болсын! Шындығында мешіт жамағаттың толы болуымен көрікті. Жамағаты болмаған мешіт жетім. Мешітке адам намаз үшін ғана емес, рухани азық алу үшін де келуі керек. Өйткені мешіт рухани қазынаның қайнар бұлағы, жақсылыққа бет түзер құбыласы болуы керек. Асыл дініміз – Исламды ардақтап, мешіт салған немесе оған қамқор болып демеушілік еткен азаматтарымызға Алла разы болсын! Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Кімде-кім Алланың разылығын үміт етіп мешіт тұрғызса, Жаратушы Ие ол адамға жұмақтан сарай салдырып дайындайды.» деген болатын. Қамқор қол азаматтарымызға Аллаһ Тағала мол нығмет нәсіп еткей! Осындай салихалы ұрпақ қалдырған ата-бабаларымыздың жандары жаннатта болғай!» - деген игі тілегін жеткізіп, мешіттің имамына ана тілімізде аударылған қасиетті «Құран Кәрімді» тарту етті.

Рухани шара соңынан мешітке кіріп, жұма намазының алдында Бас мүфти мінберге көтеріліп салиқалы уағыз айтып, имамдық етіп жұма намазын өтеді.
Аллаһ Тағаланың қалауымен, алдағы қасиетті Құрбан айт намазын жаңарған ғибадат үйінде өтейтініне сенімді болған жамағаттың қуаныштарында шек болмады.
 

Просмотров: 560 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика