Жұма, 03.05.2024, 19:11
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қыркүйек » 9 » Жаңадан салынған ғимарат айналасындағы көліктерді балқытып жатыр
12:44
Жаңадан салынған ғимарат айналасындағы көліктерді балқытып жатыр



Астана. 9 қыркүйек. Baq.kz – Лондонның орталығында салынған жаңа ғимарат айналасындағы көліктерді балқытып жатыр. Бұл жайында Вести.ру хабарлайды. 

Walkie-Talkie деп аталатын зәулім ғимараттың сәулеті ерекше. Ол түгелдей дерлік шынымен қапталған және бір қырына қарай "шалқайып" тұр. Ал, нысанға күн түскен сәтте
оның сәулесі шағылысып, маңайында тұрған көліктерге түседі екен.
CITY A.M. деп аталатын жергілікті басылымдардың бірі Мартин Линдсей есімді тұрғынның сөзін мысалға келтіріпті. Ол аталған ғимараттың жанына көлігін бірнеше сағатқа қойып кеткен екен. Қайта келген сәтінде су жаңа "Ягуар" автокөлігінен еріген пластмасса ғана қалыпты.
Мартин Линдсейдің айтуынша, көліктің сырты бүлінбегенімен, ішіндегі панелі түгелі балқып кеткен.

Эдди Кэннон есімді ағылшын инженері де көлігіне зиян келгендігін айтып, шағымданып отыр.
"Мен өз минивэнімді ғимаратқа жақын жерге қойып кеткен болатынмын. Біраз уақыт өткеннен кейін келгенімде машина панелінің бір жақ беті түгелдей еріп кеткендігін көрдім.Ішіне кіргенімде күйген иіс пен жарық сәулені байқадым" дейді ол.
Қазіргі таңда құрылысшылар мен сәулетшілер мән-жайды анықтау үстінде. Ал, 37 қабатты ғимарат пайдалануға келесі жылы берілуі тиіс. 

Дереккөз: Baq.kz

Просмотров: 614 | Добавил: Jakup | Теги: құрылыс., Қалалар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика