Шымкентте "Алтын қауырсын" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жаңа медиа технологияларды меңгеру" тақырыбында семинар тренинг үйретілуде. Семинарда журналистердің кәсіби біліктілігін жаңа медиа технологиялар бойынша арттыру мәселесі бойынша арнайы секция жұмыс істеді. Тренер блогшы Ұлықбек Әлиакбарұлы жас журналистерге сондай-ақ,Ішкі саясат басқармасы Әлеуметтік бастамалар орталығының мамандарына дәріс оқыды. Әлеуметтік желілерде аккаунт ашу, youtube-те аудио, видео файлдар салу google-де пошта ашу және басқа да ақпарат таратудың әдіс-тәсілдері үйретілді. Семинарға барлығы 10 адам қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.
"Мезгіл-ақпарт".