Жексенбі, 05.05.2024, 05:19
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 2 » ӨЗБЕК ПЕН ТҮРКІМЕН ҮНСІЗ, ҚЫРҒЫЗ БЕН ҚАЗАҚ АШУЛЫ
22:11
ӨЗБЕК ПЕН ТҮРКІМЕН ҮНСІЗ, ҚЫРҒЫЗ БЕН ҚАЗАҚ АШУЛЫ



Ресей саясаткері В.Жириновкийдің «Орталық Азия елдерін Ресейдің құрамына қосу керек!» деген пікірі жұртты дүрліктіріп-ақ тұр. Қазақстан Сыртқы істер  министрлігі Ресей саясаткерінің бұл мәлімдемесіне орай  нота жолдаса,  Қырғызстан билігі де тиісті  шаралар қолданбақ ниетте. Алайда, ресми Ташкент те, Ашхабад та, Душанбе де әзірге үнсіз отыр. Дегенмен, бірқатар өзбек сарапшылары Жириновскийдің  мәлімдемесіне  наразылық танытуда.

Рас,  Қазақстан тарапынан жолданған  нота біз күткен деңгейде болмады. Жұмсақтау, сыпайы формада болды. Ал, Қырғызстанның нақты қандай қадамдарға баратыны  белгісіз. Онсыз да қырғыздар Жириновскийді  persona nоn grata деп жариялаған болатын. Бірақ, дәл осы мәлімдемеге қатысты емес. Өткен  жылы Жириновский  Қырғызстаннан  Ыстықкөлді Ресейдің қарыздары үшін беруді талап еткені бар. Соған байланысты қырғыздар Ресей саясаткерін  Қырғызстанға жолай алмайтындай еткен. Оған енді Ыстықкөлдің суына шомылу арман ғана болмақ. Ал, есерсоқ саясаткердің соңғы  мәлімдемесіне қатысты Қырғызстан әзірге нақты қадамдарға барған жоқ. Тек  жергілікті басылымдар ресми Бішкектің де  мәлімдеме  әзірлеп жатқанын жазуда. Бірақ, Өзбекстанның да, Түркіменстанның да билігі үнсіз отыр. Дегенмен,  өзбек сарапшылары Жириновскийге наразылық танытып жатыр. Мәселен, өзбек оппозиционері  Джахангир Шосалимов: «Өзбекстан да, өңірдегі  өзге елдер де қалай болғанда да Ресеймен интеграцияға мүдделі. Бірақ, тек қана тең құқылы, бір-бірінің егемендігін құрметтейтін интеграция  болуы керек. Орталық Азия федералдық округін құру туралы мәлімдеме біздің  тәуіелсіздімізге қол сұғу болып табылады» деді.   Ал, тағы бір  өзбек сарапшысы, «Өзбекстан тәуелсіз  құқық қорғаушыларының бастамашыл тобы»  деп аталатын ұйымның жетекшісі  Сурат Икрамов Жириновскийдің мәлімдемесін  ақылға қонымсыз деп бағалайды. Сонымен қатар ол Өзбекстан билігінің үнсіз отырғанына  да наразы. «Менің намысыма тиіп отырған тағы бір жайт Өзбекстан билігінің бұл мәлімдемеге немқұрайлы қарауы. Елдің беделін түсіретін  мәлімдемелер жасалып жатқанда биліктің   неге тым-тырыс қалғанын  түсінбеймін» дейді  Сурат  Икрамов.
Жалпы, Жириновский тек қазақты ғана  мазақ қылып жүрген жоқ. Қырғыздарға қатысты  пікірін жоғарыда айттық. Осы жолы Орталық Азия елдерінің барлығына тіл тигізді. Мәскеудің империялық саясатын  байқатты. Ал, осыдан  алты жыл бұрын Жириновский  «Ислам Кәрімовте 26 миллион  қой бар» деп  тұтастай өзбек халқын малға теңеген болатын. Сурат Икрамовтың ойынша  Өзбекстан басшысына қаратыла айтылған бұл пікір тек Ислам Кәрімовты  мұқату емес,  тұтастай өзбек халқын келемеждеген болса керек. Алайда, сол жолы да ресми Ташкент  тіс жармаған еді.

"Жебе"  газеті, 27 ақпан 2014 жыл

Просмотров: 500 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика