Дүйсенбі, 06.05.2024, 05:56
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 25 » Сақтансаң, сақтаймын!
23:30
Сақтансаң, сақтаймын!

130902-bnewskzКүні кеше ғана Ата заң күнін атап өтіп, еліміздің бар жетістігіне шүкір еткен халық, жаздың соңғы күні Алматыдағы "Прайм Плаза” ойын-сауық орталығындағы болған тәртіпсіздіктерден кейін ойын сан саққа жүгіртіп, түрлі болжамдарын айтып, шуласып қалды.

Ол жерде болған даудың басы Дайрабайдың көк сиыры деген мәселе – әнші Қайрат Нұртастың бір ән айтқаннан кейін кетіп қалыпты-мыс деген алып-қашты әңгімелер болды. Бірақ бұл жерде жағдай тек Қайрат Нұртастың жеке басына аса қатысты болмаса керек.

Әншінің осыдан біраз уақыт бұрын Семей қаласында концерт бермей кетіп қалды деген хабарлар, Қайрат туралы фильм түсіріліп, көрсетілгені, жастар арасында оның біраз әндері танымал бола бастағандығы қатты есепке алынғаны анық. Сонымен қатар бұл күні жеке концерт ашық аспан аясында өтіп, оны "сәтті” пайдалану да алдын-ала дайындалған "сценарийге” келіп тұр деуге негіз болады.

Халықтың көп жиналған жерінде, әсіресе мереке-мейрам кезінде біреу-біреуді аса елеп-ескере бермейтіні белгілі. Осындай сәттерде кім де болса қырағылығын жоғалтады. Тіпті мейрамдатып "қызып” жүрген адамдар болса оңай қосылып кетеді.

Тағы бір атап өтетін жайт, осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтанның үйлену тойына, яғни басқаша сөзбен айтқанда билікке "қарсылықтың” осындай астарлы әдісі әдейі таңдап алынған сияқты.

Өкінішке орай, ұлтым деп жаны ауырады-ау деген біраз азаматтардың осы оқиға кезінде бетпердесі ашылып қалды. Twitter және Facebook сияқты әлеуметтік желілерде біреулер осы оқиға туралы долбарлар айтып жатса, енді біреулер "халық оянды” деген арампиғылды ниетте ойларын ашық айтып жатты. Бұл басқа жағынан алғанда жақсы да болар: кімнің кім екені анықталды.

Ақпарат агенттіктерінің таратуынша, тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдар қамалып, олардың біразы жіберілген. Оқиғаның себеп салдарын, оған қатысы бар дегендердің ақ-қарасын арнайы құқық қорғау органдары анықтайтынына сенеміз.

Айдың-күннің аманында, ойламаған жерден осындай оқиға болар деп ешкім де ойламағаны анық. Жаратқан иеміздің "Сақтансаң, сақтаймын!” дегенін әрдайым жадымызда ұстасақ екен.

Серік НАЗАР

Сурет: Bnews.kz

Просмотров: 666 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика