Главная » 2014 » Мамыр » 22 » Үрімжідегі жарылыстан 31 адам қайтыс болған.
22:57 Үрімжідегі жарылыстан 31 адам қайтыс болған. |
Астана. 22 мамыр. Baq.kz – Қытайдың Үрімжі қаласында орын алған жарылыстан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар бар деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Белгілі болғандай, екі автокөлік таңғы сағат 7.50 шамасында Жэньминь саябағының жанында орналасқан сауда орталығына кіріп келген. Көліктегілер адамдар шоғырланған жерге қарай жарылғыш заттар лақтырыпты. Салдарынан екі автомобильдің бірі жарылды.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жарылыстан 31 адам қайтыс болып, тоқсаннан астамы жарақаттанған. Оқиға болған жер қоршауға алынып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
|
Просмотров: 1649 |
Добавил: Jakup
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|