Жұма, 03.05.2024, 07:07
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Ақпан » 4 » Назарбаев неден қателеседі?
14:38
Назарбаев неден қателеседі?

Тақырыпқа қарап мынау да бір президентті жерден алып-жерге салатын жалаңтөс оппозиционер деп қалмаңыз, мен Назарбаевқа құрметпен қарайтын Қазақстан азаматының бірімін. Алайда ол да пенде, қателеседі.

Біздің президентіміз Қазақстанды ең алдыңғы қатардағы 30 дамыған елдердің қатарына қосамын деп шарқ ұруда. Рас, оған экономикалық негіз бар. Мұнайдоллар (нефтедоллар деген сөз ғой) өріс ала беретін болса 17 млн халыққа бөлінетін экономикалық көрсеткіш (жалпы ішкі өнім десек те болады) 30 түгіл 20-ның арасына кіруге жол береді. Алайда... Адамдарымыздың, азаматтарымыздың санасы, содан шығатын мәдениеті жоғары болмай бізге 30-дыққа кірудің ауылы мүлде алыста жатыр.

Егер дамыған шет елдердің қалаларында келе жатсаңыз дүкендердің алдына жайылған тауарларға ұшырасып қаласыз. Ал дүкенші жоқ. Сіз өзіңізге қажетті тауарды алып, көрсетілген бағасына сәйкес ақшаңызды тастап жүре бересіз. Бұл жерде адамдар видеокамерадан қорққанынан солай етпейді, санасы жоғары болған соң солай жасайды. Өйткені, әркім тауарды алғанда оған еңбек сіңірілген ақысын тастап кетуді саналарына әбден сіңірген. Олар еңбек сіңірілмеген дүниені алудың өзін бізше айтқанда харам деп санайды.

...Әнебір жылдары Астанада ОБСЕ-нің саммиті болды ғой. Сонда біздің жәркелеш шенеуніктер «қазақпайский» мырзалық жасап келген журналистердің бәріне қымбат ноутбук сыйлаймыз деп ұятқа қалған еді. Журналистер оны алудан ат-тондарын ала қашты. Біздікілердің көбі мұны журналистер «пара» деп ұқты деп ойлады. Шын мәнінде пара емес, «мен бұл затқа еңбек сіңірген жоқпын, яки еңбекпен тапқан ақшамды төлеген жоқпын, неге алуым керек?» деген түсінік олардың аза бойын қаза қылған еді.

Ал біздің қоғамда ше... Санамызды жаппай ашкөздік (тотальная коррупция) жайлаған елміз, сондықтан біз ешқашан алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына жете алмаймыз.

Осыдан 2-3 жыл бұрын Назарбаев жаппай еңбек ету қоғамы, яғни тапқан наныңды адал еңбекпен табу туралы бір жақсы бастама көтерген еді. Сол аяқсыз қалды. Бізге алыс, қол жетпейтін, біреулер өтірік өбектеп көрсететін қиянды емес, өзіміздің ішіміздегі, санамыздағы ашкөздікті жоюға күш салу керек. Сана биік болмай, қоғам жоғары дамымайды. «Бытие определяет сознание» деген еврей Маркстің сөзі бізге келмейді. Біз ашқұрсақ болып жүргендегі санамыз бай-манап болғандағыдан әлдеқайда биік болатын. Аштыққа ұшырап, көздері қарауытып, қалаға жөңкіліп бара жатқан жаяу адамдар жолдағы орыс деревняларына ешқашан шабуыл жасап, нандарын тартып алмаған. Аналар қауіптеніп, айыр-күрекпен қаруланып отырғанда оларға көз де салмай, жандарынан өте шыққан. Өйткені, олар орыстардың еңбекпен тапқан нанын тартып алу күнә екенін саналарына берік тұтқан. Сондықтан аштан өліп жатса да біреудікіне көз алартпаған.

Ал қазір... Әлгі «кедей бай, бай құдай боламын» деген сияқты бір белгісіз замандамыз. Егер саналы қоғамдағы адамдар тұрмысқа ең қажетті дүниелерден басқа 30-40 мың доллар айналыста болса, соған толық қанағаттанады. Ал біз... қайтсек те млн. доллар тапқымыз келеді, ал миллионерлер млрд. тапқысы келеді. Бірақ соны адал еңбекпен емес, ұрлап-қарлаумен табуды алдына мақсат етіп қойған. Бір 3-4 млн-ы бар шенеунік танысыма тағы да ұрлық жасап жатқанын көріп, қайте бересің соны, осыған қанағат тұтпайсың ба десем, «жұрттың бәрі алып жатқанда қалай шыдап тұра аламын» дейді. «Мүмкіндігің болса сен де ұрлар едің, ондайың жоқ болған соң ғана ақыл айтасың ғой» деп өзімді де сөгіп тастады. Өзінің бар мақсаты баласының баласына дейін адал жолмен емес, араммен тапқанның «рахатына» шомылдыру. Қазір миллиондарды қақшып алып қолға түскендер ұялмайтын да болып алды. Бұрын сотта отырғанда беттерін жасырып, көрсетпеуге тырысса, қазір телекамераға қолдарын бұлғап, ана жақтан «сәлем» жолдап жатады...

Осындай санасыз, арсыз қоғамға жетіп отырып, қайтіп 30-дыққа енеміз дейміз? Бізге ең алдымен санамызды көтеретін шараларға ақша бөліп, мәдениетімізді арттыру керек. Тек таза еңбекпен тапқан нан ғана бойға сіңімді болатынын санаға сіңіру керек. Сонда ғана өзгелерден озамыз. Назарбаевтың ең үлкен қателігі – экономикалық көрсеткіштермен ғана өзгелерден озамыз деу. Бұл жоғары дамыған қоғамның ең үлкен критерийі емес.

Жақсылық ЖАНАШЫР,

«Шын-ақпарат»

Просмотров: 498 | Добавил: Jakup | Теги: ынсап., елу, мәдениет, ұрлық, Отыз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика