Жексенбі, 05.05.2024, 04:17
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 4 » Ұлыбританияда «Наурыз party» ұйымдастырылды
11:06
Ұлыбританияда «Наурыз party» ұйымдастырылды
04 Наурыз 2014, 


Астана. 4 наурыз. Baq.kz – «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасымен Шығыс Англияның Норвич қаласында оқып жатқан қазақстандық студенттер «Nauriz party» шарасын ұйымдастырды. Меркелік кеш университеттің кең ауқымды Go global науқанының аясында өткізілген. 

Патиді ұйымдастырушы, «Болашақ» бағдарламасының стипендия иегері, қазақ студенттері қауымдастығының вице-президенті Қанат Әуесбайдың айтуынша, Go global тарихында алғаш рет қазақстандық студенттер Наурыз мейрамын атап өткен.

Қазақтың ұлттық би, күй, жеке және хормен салған әнін біріктірген думанды кешті университет басшылары «біртума орындаулар» деп бағалаған. Жиналған қауым да қазақ жастарының өнерін ду қол шапалақпен қарсы алды. Әрине, мерекеде қазақы қонақжайлылық танытылып, ақ дастарқан жайылған. Мейрамның сәні - наурыз көже қайнатылып, қонақтар бауырсақ, майсөк, қазы, құрт сияқты ұлттық тағамдардан дәм татты.
«Nauriz party» шарасына қонақ ретінде Брюнель Университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Лондон Олимпиядасының чемпионы Серик Сәпиев, еліміздегі түрлі жастар ұйымдарының жетекшісі Нұрлан Өтеш те қатысты.

Барлық стипендиаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ атынан оның Лондондағы өкілі Төрехан Абрайымов құттықтап, белсенді студенттерге, бағдарлама стипендиаттарына алғыс хаттар тапсырды.

Baq.kz

Просмотров: 554 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика