Главная » 2013 » Қыркүйек » 29 » Германияда жойқын жарылыстан 17 адам жарақат алды
11:56 Германияда жойқын жарылыстан 17 адам жарақат алды |
АСТАНА.
29 қыркүйек 2013, 11:25. BNews.kz
Германияның орталығындағы Хартхаузен ауылы газ компаниясының аумағында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
Салдарынан 17 өрт
сөндіруші жарақат алды. Олардың бірі ауыр халде жатыр. Ақпарат көздері
оқиға орнында жүк көлігінің өртеніп, кейіннен тілсіз жаудың газ
сақтайтын орындарға жайылғандығын хабарлады. Өңірден 3 мыңға жуық тұрғын
көшірілді. Жарылыстың күшті болғаны соншалықты оқиға орнынан 30 шақырым
қашықтықтағы Людвигсхафен қаласына да естілген. Қазірге оқиғаның себебі
анықталуда. BNews.kz
|
Просмотров: 550 |
Добавил: Jakup
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|