Бейсенбі, 02.05.2024, 23:45
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 13 » Ендігі жерде «есепті-анықтаманың» еш қажеті жоқ, - Елжан Қалиұлы
00:14
Ендігі жерде «есепті-анықтаманың» еш қажеті жоқ, - Елжан Қалиұлы


Астана. 13-наурыз. Baq.kz – Соңғы екі-үш жылдықта қолданыста болып келген есепті-анықтама құжатын талап етілетін құжаттар тізімінен алып тастағанымыз, азаматтарымыз үшін жасалған жап-жақсы жеңілдік болды, - дейді Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Елжан Шүпеков «Жолдағы қабылдау» атты республикалық акциясы аясында жүргізушілердің сауалына жауап беру барысында.

- Негізінен мұндай анықтама 2007 жылдары талап етілуі тиіс міндетті құжаттар санатында жататын. Яғни, автокөлікті рәсімдеу барысында оның иесінен сатып алу-сату шартын немесе осы есепті-анықтама сұралатын. Ал оны азаматтарымыз қандай да бір жекеменшік компаниялардың қызметіне жүгіну арқылы кемі бес мың теңгеден сатып алуға мәжбүр болатын. Ал әлгі компанияға тұтынушы өз атына аударып жатқан көлік бөлшектерінің бүтіндігін және тиісті талапқа сай, ресімдеуге лайықты әрі таза екендігін растау үшін жүгінетін. Ақиқатында, мұндай компаниялар өз кезегінде азаматтардан ақша алу мен бір жапырақ қағазды ұсынудан өзге қызмет ауқымын кеңейте алған жоқ. Көптеген және толассыз түскен арыз-шағымдар мен сансыз сауалдарға орай, тиісті мамандарымыз бұл мәселемен зерттеп, зерделей келе жоғарыдағыдай шешім қабылдады. Бүгінгі таңда бұл қадам өз нәтижесін көрсетуде, - дейді Елжан Қалиұлы.

 

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Ғабит МАДАЛИЕВ

Просмотров: 513 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика