Жұма, 03.05.2024, 09:48
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қыркүйек » 7 » "Бауыржан"қоры мен "Айқын" газеті жастарды араққа үгіттеуде ме?
08:41
"Бауыржан"қоры мен "Айқын" газеті жастарды араққа үгіттеуде ме?

Оны «Айқын» газеті қостап «Ойланып ішсең, опық жемейсің» деп үгіт таратуда. Бұлар сізге «ішпе, арақ – харам, ащы судың азы не, көбі не денсулыққа зиян» демейді, «аз-аздап іш, мас болмай іш» дейді. Өздері оны акция атапты. Алматының жын-шайтан жайлаған түнгі клубтарын аралап кәдімгі алкотестер-салпыншақтарды тегін таратып жатыр. Оның көмегімен қалаған адам ағзасындағы ішімдік деңгейін анықтай алады. Оны қолданудың да еш қиындығы жоқ көрінеді. Үрлеген соң алкотестер 5 секунд ішінде белгілі бір түсті көрсетеді. Жасыл түс – қан құрамында ішімдіктің жоқтығын, сары түс – мас болудың орташа дәрежесін, ал қызыл түс ішімдікті шектен тыс пайдаланғанды білдіреді екен. 

Әрине, бұл арада «Бауыржан» қорындағылардың миын құрт жеген немесе «айқындықтарды» албасты меңгерген деп қоя салуға болар еді. Бірақ мәселенің түп-төркініне үңілсеңіз үнсіз қалу тағы қиын. Бұлар енді-енді имандылыққа бет бұрып, арақтан талай таяқ жеген соң, харам судан тиыла бастаған жастарды қайтадан ішімдік ішуге шақыруда.

Өткен айда ұлыбританиялық IWSR ұйымы маскүнем мемлекеттердің тізімін жариялады. Қарабет болғанда мұсылман және түркітектес елдер арасынан Қазақстан оза шауып алдыңғы бестікке кірген.

2012 жылы жан басына шаққанда Ресейде әр адамға 13,9 литр арақтан келген. Ресей арақ тұтыну жағынан тізімнің басында тұр. Екінші ел – Беларусь. Онда бір адам жылына 11,3 литр арақ ішетін болып шықты. Үшінші және төртінші орындарда - Украина (7,7 литр) мен Польша (7литр). Бесінші орында - Қазақстан. Қазақстанда жыл сайын жан басына шаққанда 5,9 литр арақ ішіледі. Негізгі алдыңғы жылы бұл көрсекіш біздің елімізде 8 литрге жуық болатын. Шынын айтқанда, бізде жағдай жақсы жағына өзгеріп жатыр. Әрине, ол «Бауыржан» секілді қорлар мен «Айқын» секілді газеттердің негізгі қожайындарына бұл ұнамайды. Сондықтан олар жастарды қайтадан араққа шақырып, аздан-аздан, мас болмай ішуге үгіттеп жатыр.

Аллахтың арақ-шарап ішпеу туралы үкімін бізге жеткізген Пайғамбарымыз «Көп ішкенде мас қылатын нәрсенің азын тұтынудың өзі харам» деп ескерткен хадис бар.  Ендеше ниеті жамандарға алданып қалмаңыз. «Бауыржан» саған бауыр емес, бауырым!

Дереккөз: Шын портал.
Просмотров: 577 | Добавил: Jakup | Теги: Арақ, арам. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика