«Байқоңыр» ғарыш
айлағында «Протон-М» зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары басталды деп
хабарлады «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.
Бұл «Протон-М» жер орбитасына америкалық Sirius FM-6 спутниктік радиоға
арналған ғарыш аппаратын жеткізеді деп жоспарланған. Әзірге ұшу кестесі
жасалмаған, бірақ бұған дейін Мәскеудегі Хруничев атындағы орталықтың
ақпаратында еуропалық Astra 2E, АҚШ-тың Sirius FM-6 және Inmarsat 5 F1
коммерциялық спутниктері, сонымен бірге Ресейдің әскери мақсаттағы
«Радуга-1М» және «Экспресс-АМ5» байланыс спутнигі ғарышқа ұшатындар
тізімінде аталған деп жазады агенттік.
2 шілде күні үш «Глонасс» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере
апатқа ұшырап, жарылып кеткен
соң, Ресейдің «Роскосмос» агенттігінің басшысы апат себебін анықтайтын
комиссияның жұмысы аяқталғанша «Протон-М» зымыран тасығышын
ғарышқа ұшыру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеген еді.
Апат салдарынан
Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы зымыран тасығыштың улы отынымен
ластанған жер көлемі туралы түрлі пікірлер айтылды.
Дерекөз: Азаттық радиосы.