Дүйсенбі, 06.05.2024, 04:28
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 25 » ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсы басталады
23:34
ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсы басталады

130926-logo-2 Елімізде Интернеттің дамуы үйреншікті жағдайға айналғаны соншалық, біздің қоғам осы бүкіләлемдік торсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жетті. Қазақстанда осы Интернет және IT-технология саласымен айналысатын көптеген үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істеуде. Жақында ғана ашылған «Ұлттық Интернет Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі қазақша Интернет-кеңістікті дамыту мәселелерімен айналысуды көздеп отыр. Ол үшін ол негізінен осы бағытта жұмыс істейтін сайт жасаушыларды, сайт иелерін, тіпті қарапайым қолданушыларды ынталандыру мақсатында іс-шаралар өткізіп тұрмақшы.

Ертең ұйымдастырылатын баспасөз конференциясы ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығын өткізу мәселелеріне арналмақшы. Бұл шара Қазақ Интернетінің дамуына ерекше серпін береді және жаңа ақпараттық технологияны ендіру мен ҚазНеттің жетістіктерін насихаттау үшін қызмет етеді.

ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы Ұлттық Интернет Ассоциациясының жыл сайынғы өткізілетін конкурстық жобасы болып табылады және ҚазНеттегі ана тіліміздегі үздік сайттарға, сайт жасаушыларға және Интернет пайдаланушыларға беріледі. Биыл конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілмекші:

1. Мемлекеттік органдар;
2. Білім және ғылым;
3. БАҚ және жаңалықтар;
4. Жеке сайттар;
5. Мәдениет;
6. Спорт;
7. Қоғамдық ұйымдар;
8. Мекемелер мен компаниялар;
9. ҚазНет тұлғалары

Конкурстың соңғы кезеңі биылғы желтоқсан айының басында жоспарланған Екінші Астана Интернет Форумы кезінде өткізілмекші.
Осы жағдайларға байланысты ҚазНеттің Бірінші Ұлттық Интернет-сыйлығы конкурсының жұмысына ат салысамыз деген барлық адамдар мен заңды тұлғаларды қолдау көрсетуге шақырамыз.

Ұлттық Интернет АссоциацияныңБаспасөз қызметі

+77779524064

  • Qazaq.kz
Просмотров: 580 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика