Жұма, 03.05.2024, 07:06
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Ақпан » 1 » Қазақстанда жаңа халықаралық әлеуметтік желі іске қосылды
22:19
Қазақстанда жаңа халықаралық әлеуметтік желі іске қосылды


 АСТАНА. 31 қаңтар. BAQ.KZ – Қазақстанда тұңғыш рет түркітілдес халықтарға арналған алғашқы әлеуметтік желі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Turkiler.com атты әлеуметтік желінің әзірге бета нұсқасы ұсынылып отыр.

 Тіркелген қолданушылар бұл әлеуметтік желі арқылы достар тауып, өздерінің ұлыстарының қауымдастықтарын құрып, фото және бейнероликтермен алмаса алады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіні қолданушыларға түркі халықтарына қатысты пайдалы сілтемелер мен материалдар ұсынылады.
Жобаны жасаушы жұмыс тобының өкілі Бақыт Асенованың сөзіне қарағанда, аталған әлеуметтік желі Facebook, ВКонтакте, Мой Мир, Одноклассники тәрізді шетелдік әлеуметтік желілерге балама болмақ. «Жобаны түркітілдес ағайынның барлығы да қолдайды деген үміттеміз», - дейді Б.Асенова.
Айта кетейік, Жер бетінде түркітілдес халықтар саны 200 миллионнан асады. Түркітілдес халықтардың қай-қайсысының да геосаясатта, әлемдік экономикад, өзіндік орны бар. Географиялық орналасуы да ерекше. Батыс пен Шығысты, Оңтүстік пен Солтүстікті жалғастырар транзиттік маңызға ие. Қазіргі уақытта түркілердің ең ірі ұйымы ТҮРКСОЙ туының астына 14 түркітілдес халықтар біріккен. Сондықтан аталған әлеуметтік желінің халықаралық деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндіктер мол.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Просмотров: 535 | Добавил: Jakup | Теги: Әлеуеттік желі. түркілер. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Ақпан 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика