Дүйсенбі, 06.05.2024, 08:09
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қазан » 13 » Қазақстанда қылмыскерлер кепілмен босатылуы мүмкін
12:02
Қазақстанда қылмыскерлер кепілмен босатылуы мүмкін


Астана. 12 қазан. Baq.kz - Қылмыскерлерді топырлатып түрмеге қамай бергеннен, оларды кепіл бойынша бостандыққа жіберу әлдеқайда тиімді.

Мұнан темір тордың ар жағында отырған азаматтардың саны азайып қана қоймайды, бюджеттің бүйірі де толады. Кеше парламентке келген бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель осындай мәлімдеме жасады. Сол үшін "қылмыскерлерді кепілмен бостау туралы" заңнаманы қолға алып, қолданысқа енгізуді сұрап отыр. Бұл әдісті Меркель мырза украиндық әріптестерінен көріп келіпті.

"Егер іс аса ауыр қылмыс санатына жатпайтын болса, кепілдіктің көлемін белгілеп, ешқандай соттың шешімінсіз ақша төленген бойда бостандыққа жіберу керек. Біз бұл тәжірибені украиналық әріптестерімізден алып зерттедік. Олар да жылына 30 мың азаматты соттап келсе, енді осы заңның негізінде сотталу көрсеткіштері 15-20 мың адамға дейін төмендепті", - дейді ол.

Ал ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев болса, кері пікірде. Оның айтуынша, жыл сайын Қазақстанда шамамен 125 мың адам бас бостандығынан айырылады. Соның салдарынан түрмелерде орын тапшы. Қылмыскерлерді қамауға орын таппай отырған вице-министр енді мемлекеттен қомақты қаржы сұрап отыр.

" Қазір еліміздегі арнайы қабылдау орындарының 1000 адамды орналастыратын да жағдайы жоқ. Ал Алматы мен Астана қалаларында мұндай мекемелер мүлдем жоқ. Біз ел бойынша 95 "қамақ үйін" салуымыз керек. Онда 7850 орындық болады. Біздің есебімізше осы нысандардың құрылысына 104 млрд-тан астам теңге керек", - дейді ІІМ өкілі.
Baq.kz
Просмотров: 555 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қазан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика