Сейсенбі, 30.04.2024, 00:04
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 21 » Жамбылдықтардың әлеуеті артты
11:49
Жамбылдықтардың әлеуеті артты


21 Шілде 2013, 10:47

Астана. 21 шілде. Baq kz- Қазақстан Республикасының Статистика агенттігімен жүргізілген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінің нәтижелері бойынша Жамбыл облысы дамудың жоғары қарқынын көрсетуде, деп мәлімдейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2012 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісінің нәтижелері бойынша облыс республика өңірлерінің арасында 1 орынды иеленді.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі 2012 жылы 778,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылдың деңгейінен 143,9 млрд. теңгеге ұлғайған (НКИ - 112,7%).
Өсім қарқыны 2013 жылы да сақталуда. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты 4,5%-ға өсіп, 157,5 млрд.теңгені құрады.
Жалпы, облыс экономикасының даму қарқыны соңғы он жыл ішінде барлық бағыттар бойынша өсті. Оның ішінде, өнеркәсіп өндірісі 5 есеге, ал, жалпы аймақтық өнімнің көлемі 9 есеге ұлғайды.

 Дереккөз Baq kz

Просмотров: 464 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика