Сейсенбі, 30.04.2024, 03:52
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 21 » Жаяу Мұса. Астана көшелерінің королі
13:29
Жаяу Мұса. Астана көшелерінің королі


19.07.2013, 14:02

Басқа қалаларда қалай екенін білмеймін, бүгін Астананың көшесінде такси ұстап тұрсаң, бірінен кейін бірі орыстың ВАЗ 2114 немесе ВАЗ Priora маркалы салдырлағы келіп тоқтайды.

Иә, Астананың көшелерінде кейінгі кездері осы автокөлік саңырауқұлақтай қаптап кетті. Құдды бір Новосибирск пе, Мурманскіде ме жүргендейсің! Кедендік Одақтың ащы жемісін жей бастадық, ардақты ағайын!

 Біздегі жемқорлықты жемқорлық деп атай алмайсың. Өйткені заңға қайшы. Затын көріп тұрасың. Атына айта алмайсың. Өйткені заты жемқорлық болғанмен аты жемқорлық емес. Аты көп, мысалы жалақы, сыйақы, отандық өнім, кәсіпкерлерді қолдау, инвестиция, инвестор, анау-мынау... Көп! Айта берсең бітпейді. Бәрі де заңды!  

Бірақ осылардың қарапайым халыққа қанша пайдасы бар? Мысал үшін тақырыптағы "отандық" (оның аты да, заты да басқа) автокөліктерді алайық. "Отандық" өнім аталған жеке компаниялар мен топтардың коммерциялық өнімдерін ішкі нарықта қымбат бағаға өткізу үшін ең әуелі оң жақ рөлді автокөліктермен алысты.

Одан кейін ондай көліктердің елге әкелінуіне тиым салынды. Содан кейін шетелдік автокөліктерге баж салығын көбейтті. Кім үшін? Ал қазір, сол "отандық" өнім шығарушылардың негізгі тұтынушылары мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар.

Қалтасынан шықпаған соң түкке тұрғысыз орыстың салдырлағына бюджеттің қаншама қаржысы шығындалып жатыр. Қалтасында 5-6 мың доллары бар азаматтар жапонның, немістің көп-көрім көлігін алатын бұрын.

Ал қазір? 5-6 мыңға орыстың жаман салдырлағын да ала алмайсың. Аласың! Банктер несие береді! Каспий банкі мысалы 1,5 млн. несие беріп 3,5 млн. қылып қайтарып алады дейді.

Басқалары да оңып тұрған жоқ. Сонда осы "игілікті" іс атанған "отандық" өнімдерді қолдауға бағытталған іс-шаралар кім үшін жүргізіліп жатыр? Халық үшін бе, әлде, Бипек пен Балушкин үшін бе?

Орыстың шарқыш итаяғы халықтың жақсы тұрмыс кешуге деген талпынысынан артық болды ма? Бұл салдырлақты несиеге алғанша, жаяу жүргенім артық! Ал неғыл дейсіздер маған осыдан кейін!

Просмотров: 705 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика