Главная » 2013 » Қыркүйек » 7 » Қызылорда облысында ит ұрлаған жігіт 2-3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
17:58
Қызылорда облысында ит ұрлаған жігіт 2-3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ЖАҢАҚОРҒАН.
7 қыркүйек 2013, 14:04. BNews.kzgavgavka.com сайтының фотосыЖаңақорған ауданының
тұрғыны полицияға итінің ұрланғаны жөнінде шағымданған, деп хабарлайды
Қызылорда оьблыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
«Спаниель» тұқымы иттің құны 100 мың теңге тұрады
екен. Полиция қызметкерлері қымбат күшікті ұрлады деген күдікті 27
жастағы жігітті анықтаған. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 175 бабының І
бөлігімен іс қозғалды. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, онда оған сот
шешімімен 200-700 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 180-240 сағат
мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2-3 жылға бас бас бостандығын
шектеу жазасы берілуі мүмкін.