Жексенбі, 28.04.2024, 05:51
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Қаңтар » 5 » Wi-Fi денсаулыққа зиянды
11:38
Wi-Fi денсаулыққа зиянды


АСТАНА. 3 қаңтар. BAQ.KZ - Ғалымдар адамзатқа зор пайдасын тигізіп жүрген техникалық прогресс құралдарынан мін іздеуді тоқтатар емес. Олардың назары енді интернетпен сымсыз байланыстыратын Wi-Fi желісіне түсіпті. Даниялық ғалымдар тобы сымсыз интернетпен байланыс, яғни Wi-Fi-дың адам денсаулығына әсерін зерттеді. Бұл туралы "Қазақстан" ҰТА-ның сайты хабарлап отыр.  

Соңғы жылдары техникалық жаңалық болып, адамзаттың қолданысына кеңінен енгізілген Wi-Fi-технологиясының денсаулыққа тигізер зияны да жетіп артылатын көрінеді. Атап айтқанда, мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеліп соғады екен. Ал ол өз кезегінде бастың ауруына себеп болады.

Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеуден кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған смартфондар салып жүрген. Ертеңінде балалардың денсаулық жағдайын тексеріп, оқушылардан бас ауруды, шаршағандықты байқаған.

Сонымен қатар, үйінде Wi-Fi желісін пайдаланушылар өзінің бөлме өсімдіктеріне назар аударулары тиіс. Өйткені жүргізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктерді құртатыны дәлелденді. Қосулы Wi-Fi-модемімен бір бөлмеде тұрған 6 өсімдік түрі 12 күнде-ақ құрғап, сарғая бастаған.

 BAQ.KZ

Просмотров: 547 | Добавил: Jakup | Теги: денсаулық., Wi-Fi, зиян | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қаңтар 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика