Біздің сұрақ
|
Главная » 2014 » Шілде » 5 » Ұстаған жан, қабыл болсын оразаң!
18:46 Ұстаған жан, қабыл болсын оразаң! |
Олжас ОТАР.
Қалықтатса таң сәріде қораз ән.
Күмбірлесін мешіттерде зор азан.
Қасиетті Рамазанның айында,
Ұстаған жан қабыл болсын оразаң.
Ораза тұт, ол Алланың өкімі.
Мұсылманның бес парызы, бес үні.
Иманды бол, намаз оқы адаспа,
Түсінгенге Жұмақтың бұл кепілі.
Байлық болса, азын-аулақ зекет бер.
Қос періште күнә, сауап есептер.
Иман емес, жиған малын ойлайтын,
Көбейсе де бұл қоғамда есектер.
Қажыға бар, байлық тұрса асып бір.
Онда саған Жұмақ қақпа ашық тұр.
Ақ жолынан адаспағын Алланың,
Жамандықтан бойды аулақ сал, қашық қыл.
Олжас ОТАР
Дереккөз: ШЫН порталы
|
Просмотров: 2187 |
Добавил: Jakup
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
Күнтізбе
« Шілде 2014 » | Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
| | |