Дүйсенбі, 29.04.2024, 03:04
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 13 » Әскерге шақыру тоқтатылуы мүмкін
00:03
Әскерге шақыру тоқтатылуы мүмкін

 

Астана. 12 наурыз. Baq.kz – Елімізде қарапайым азаматтарды әскерге шақыру тоқтатылуы мүмкін. Яғни, әскерге тек келісімшарт негізінде ғана алу көзделуде. Қорғаныс Министрлігі кәсіби әскерге ауысу үрдісін екі жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта аталмыш ведомство аралас тәсілді қолданып келеді. 

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі алдағы уақытта келісім шартпен алынатын әскерлерге барлық жағдайды жасағалы отыр. Яғни, олар пәтер, жоғарғы жалақы және әлеуметтік пакетпен толық қамтамыз етіледі. Он жылдық еңбек өтілі бар әскери қызметкерлерге жалға алынатын баспанаға қаржылай көмек көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, аталмыш орган жаңа талаптарды қойып отыр. Мысалы, әскерге шақырылған азамат жоғары білімді болса, онда алты айдан соң ол келісімшарт қызметіне ауыса алады. Ал жоғары білімі жоқ азамат бір жылдан соң ғана келісімшарт бойынша қызметке алынады.

Деректер бойынша, қазіргі уақытта әскердің 65 пайызы келісімшарт бойынша қызмет етуде. Алдағы уақытта азаматтарды әскерге шақыруды тоқтату Отан алдындағы борышын өтейтіндердің санын жыл сайын азайту жолымен жүзеге асатын болады. Сөйтіп, 2016 жылы Қазақстан әскерінің 99 пайызын кәсіби әскерилер ғана құрайтын болады деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгінде ҚР Қорғаныс Министрлігінде 12 мың сарбаз мерзімдік қызметте.

 Baq.kz

Просмотров: 599 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика