Дүйсенбі, 29.04.2024, 01:34
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Желтоқсан » 12 » Ректор 25 мың доллардың шкафына не салмақшы еді?
22:33
Ректор 25 мың доллардың шкафына не салмақшы еді?


Астана. 11 желтоқсан. Baq.kz – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің ректоры Қазыбай Бозымов мемлекеттік сатып алу сайтында 4 млн. 250 мың теңгеге шкафқа тапсырыс берген. Бұл туралы «Орал апталығы» газеті хабарлады.

Бұл хабарландыру 2013 жылдың 30 қазанында орналастырылған. Алайда, қазір шкаф сатып алынып, тендер жабылды.

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде заң бұзған 662 лауазымды тұлғаға айыппұл салынып, 13 адам креслосынан айырылды. Бұған қоса, 1 351 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2013 жылдың 9 айында жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, 279 мемлекеттік сатып алу ісі қайта қаралып, жойылды. Сотқа мемлекеттік сатып алу ісі бойынша 343 шағым түсті.

Бақылау шаралары барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына 88 материал жіберілді. 662 лауазымды тұлғаға 60,1 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның 42,4 млн. теңгесі бюджетке төленді.

Baq.kz

Просмотров: 498 | Добавил: Jakup | Теги: Қазыбай БОЗЫМОВ, щкаф, 25000 доллар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика