Бейсенбі, 28.03.2024, 20:29
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Сәуір » 26 » Нокия атауын өзгертті.
15:29
Нокия атауын өзгертті.

 

Астана. 22 сәуір. Baq.kz – Финляндияның әйгілі Nokia компаниясы Microsoft компаниясымен біріккеннен кейін атауын өзгертті. Бұдан былай Nokia брендімен ешқандай смартфон және планшет шығарылмайды. Қос компанияның ортақ атауы - Microsoft Mobile Oy.

"Microsoft пен Nokia арасындағы келісім соңына жеткеннен кейін корпорацияның атауы Nokia Oy-ден Microsoft Mobile Oy-ға ауысады. Келісімге сәйкес, Microsoft компаниясы Nokia-ның барлық құқығын, мүмкіндіктерін және бизнесін толықтай иемденбек" делінген NokiaPowerUser басылымы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Nokia корпорациясын Microsoft 5,44 миллиард долларға сатып алған болатын. Екіжақты келісімшартқа отыру осы сәуір айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Одан кейін Nokia брендімен ешқандай телефон, смартфон және планшет шығарылмайды. Тек, Nokia Solutions and Networks желілік қондырғысы, Nokia Here геолокациялық қондырғысы және Advanced Technologies технологияны дамыту тобы ғана аталған брендті сақтап қалмақ. 

Просмотров: 1680 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика