Біздің сұрақ
|
Главная » 2013 » Қараша » 8 » Майлы тағамдар жүрек-қантамыр ауруларына шалдықтырады
20:45 Майлы тағамдар жүрек-қантамыр ауруларына шалдықтырады |
Астана. 8
қараша. Baq.kz - Ирландия кардиологиялық қоры адамдар майлы тағамдарды
көп тұтынады дейді. Ғалымдардың айтуынша, дұрыс тамақтанбау
жүрек-қантамыр ауруларынан туындайтын өлімге әлкеліп соғатын бірден бір
себеп.
Жүрек ұстамасы, ми қан айналымының бұзылуы бұның барлығы адамдардың дұрыс тамақтанбауынан болады. Диетологтар
бір ғана Ирландияда ересектердің 2/3-сі майды қалыпты нормадан жоғары
қолданады. Ал пайдалы майлар керісінше күнделікті тұтынатын тағамдарының
құрамында жоқ. Пайдалы майлар қаныққан бір байланысты және қос
байланысты деп екіге бөлінеді. Алғашқысын жаңғақ, авокадо және зығыр
майынан алуға болады. Олар ағзадағы холестеринді қалпына келтіріп, жүрек
ауруларын алдын алады. Ал қантамыр ауруларына шалдығу қауіпінен
қорғайтын екіншісін табиғи өнімдердің құрамынан таба аласыз. Осылардың
ішінде майлы балықта көп кездесетін омега-3 қос байланысты май
қышқылдары ерекше пайдалы. Ол қышқылдар жүрек соғуы ырғақтылығының
бұзылуы мен қан қысымының көтереліп кетуінен, қанның ұйып қалуынан
қорғайды. Ал зиянды майлар керісінше холестериннің деңгейін жоғарылатып, жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдығу қауіпін жоғарылатады.
|
Просмотров: 659 |
Добавил: Jakup
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|
| | |