Дүйсенбі, 29.04.2024, 03:49
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Желтоқсан » 26 » Әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі өзіне қол салды
19:52
Әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі өзіне қол салды


Астана. 25 желтоқсан. Baq.kz – Мультимиллионер Роберт Уилсон 86 жасқа қараған шағында өзіне қол салды. Ол Манхеттендегі өзінің 27 қабатты үйінің терезесінен секіріп кеткен деп хабарлайды New York Post газеті. 

Полицияның хабарлауынша, 16 қабаттан секірген қария өлерінің алдында хат жазып кетіпті. Алайда, оның мазмұны әлі жария етілген жоқ.
"Ол 86 жаста болатын, жақында жүрек талмасына шалдыққан. Өмірінің соңында қиналғысы келмейтіндігін және кез-келген уақытта өлуге дайын екенін үнемі айтып жүретін" дейді миллионердің достарының бірі. Оның айтуынша, Уилсон дәулетінің көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсап келген. Өмірден өткеннен кейін де бүкіл қорын мқтаж жандарға беруді мақсат етіпті.
Уилсон атеист болса да католик мектептерін сақтап қалуға бар күш-жігерін салған.
"Бүкіл елде католик мектептері жабылып жатыр. Менің ойымша, оларды сақтап қалуға тіпті, Билл Гейтстің қаржысы жетпейді" депті қайтыс болған миллионер 2010 жылы Блумберг агенттігіне берген сұхбатында.  

Просмотров: 435 | Добавил: Jakup | Теги: Байлық, қаза, қайырымдылық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика