Дүйсенбі, 29.04.2024, 01:28
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Желтоқсан » 26 » Ким Чен Ын әскерін соғысқа дайындап жатыр
19:50
Ким Чен Ын әскерін соғысқа дайындап жатыр


Астана. 25 желтоқсан. Baq.kz – Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын ел әскерін соғысқа дайын болуға шақырды. Бұл жайында оңтүстіккореялық Yonhap агенттігі хабарлады. 

Ким Чен Ын кеше Нампхо қаласында ұлттық әскермен кездесу барысында осылай деген. Ол соғыстың ескертусіз-ақ басталып кететіндігін мәлімдеді. Сондықтан жауынгерлер қашанда ұрысқа сақадай сай болып тұруы керек деді ол.
Солтүстік Кореяның көсемі бұған дейін де "ағайынды" екі ел арасында соғыстың басталып кету қаупі басым екендігін бірнеше рет айтқан болатын. Тіпті, 20 желтоқсан күні Солтүстік Кореядан Сеулге жедел хат келген. Онда Ким Чен Ынның оңтүстіктегі көршілеріне аяусыз соққы жасайтындығы жазылыпты. 

Просмотров: 459 | Добавил: Jakup | Теги: КӨРШІ, соғыс, Корея | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика