Жұма, 03.05.2024, 07:18
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 25 » Көз жұмбай тұрып, халқына қазасын естірткен!
11:05
Көз жұмбай тұрып, халқына қазасын естірткен!



Түркияның  сегізінші президенті, марқұм Тұрғыт Өзалдың қазасына байланысты құпиялар ашылған сайын саясаткерге  жасалған қастандықтың сипаты  белгілі бола бастады. Анкара прокурорының тапсырмасымен  2012 жылы 2 қазанда Тұрғыт Өзалдың  зираты қайта қазылып, сот-медициналық сараптама жасалған болатын. Түркияның сот  медициналық сараптама мекемесі Тұрғыт Өзалға 4 түрлі у берілгенін анықтаған еді. Енді осы оқиғаның өзге де қырлары ашыла бастады.

Türkıye  газетінің ақпараттарына  қарағанда Тұрғыт Өзалға алғашқы медициналық жәрдем  көрсеткен Хажеттепе ауруханасының  мәліметтерінде көптеген  қателіктер кеткен. Әсіресе,  хал үстінде жатқан президентті  медицина  факультетінің  5 және 6 курс студенттерінің қарағандығы,  Өзалдың  қайтыс болған уақыты 1993 жылдың 17 сәуірі күні сағат 14.30 деп көрсетілгенімен, сол күні радиолар 11 сағат 15 минутта және 11 сағат 30 минутта Президенттің қайтыс болғандығы туралы ақпараттар таратқаны белгілі болды. Тұрғыт Өзал Хажеттепе ауруханасының  жедел жәрдем бөлімінде 1 сағаттан астам дәрігерлердің қарауынсыз жатқан. Бір сөзбен айтқанда Тұрғыт Өзалға медициналық көмек көрсетілмеген. Тағы бір құпия жағдай сол күні Тұрғыт Өзалға қатысты медициналық құжаттарда көптеген қайшылықтар шыққан. Тіпті, екі түрлі ауруханаға жеткізілгендігі де айтылыпты. Сырқатқа  алғаш көмек көрсеткендердің, қан алып, қысымын өлшегендердің ешқайсысының  аты-жөні мен қолы медицина мекемесінің журналдарында жоқ. Қысқасы, Түркияны гүлдену дәуіріне бастаған президентке қастандық жасаушылар із жасырудың барлық амалдарын қарастырса керек.
1993 жылдың 17 сәуірінде аяқ астынан  қайтыс болған Тұрғыт Өзалдың  қазасына қатысты түрлі алып-қашпа  әңгіме түркиялықтардың арасында кең тараған еді. Өйткені, Тұрғыт Өзал  қайтыс боларының алдына 12 күн бойы Қазақстан мен Орта Азия елдеріне, Әзербайжанға ресми сапар жасаған болатын. Осы сапарынан кейін 2 күн өткенде Тұрғыт Өзал  көз жұмды.  Оның өліміне қатысты  талай болжамдар айтылды. Көбі Түркияның 8-ші Президентінің  уланғандығын алға тартатын еді. Бірақ,  қастандықты кім ұйымдастырғандығын ешкім білмейтін. Бәлкім, содан да болар Түркия  президенті Абдулла Гүл арнайы тапсырма беріп, мәселенің ақ-қарасын анықтауды Мемлекеттік бақылау кеңесіне  жүктеген  болатын. Кейінірек Түркияның сот медициналық сараптама институты Тұрғыт Өзалдың денесінен  DDT (dikloro difenol trikloroethan), кадмий (ауыр метал), америций мен полоний (радиоактивті заттар) тапқан. Алайда,  Өзалға қастандықты кімдердің ұйымдастырғаны,  оны қалай жүзеге асырғаны  әзірге анықталған жоқ. Біреулер Күрдістан жұмысшы партиясы десе, енді біреулер Түркияның әскерилері екендігін айтатын. Тіпті, Сулейман Демирелден  күдіктенетіндер де бар. Дегенмен, құпия  өлімге қатысты тергеу жұмыстары әлі  жалғасып жатыр. Түрік мамандары Тұрғыт Өзалды  өлтіргендерді анықтамай тыншымайтын тәрізді.

«Жебе» газеті, 18 шілде 2013 жыл



Просмотров: 555 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика