Дүйсенбі, 29.04.2024, 10:17
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 13 » Көлік қозғалтқышының нөмірін төлқұжатқа тіркеу міндетті емес
00:11
Көлік қозғалтқышының нөмірін төлқұжатқа тіркеу міндетті емес



  • Картинка

Астана. 13-наурыз. Baq.kz – Бүгін Астана қаласындағы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Жолдағы қабылдау» атты республикалық акциясын өткізген болатын. Мақсат – жол қауіпсіздігі аясындағы жол-патрульдік полиция жұмысы бойынша азаматтарға кеңес және құқықтық көмек көрсете отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Шара аясында көлік жүргізушілері тарапынан көптеген сауалдар жолданды. Соның бірі – көлік қозғалтқышының нөмірін төлқұжатта көрсету жайы болды.

- Ел Үкіметінің Қаулысымен кез-келген көлікті Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткізу барысында оның техникалық төлқұжатында қозғалтқыш агрегатының нөмірін көрсету міндетті болып табылмайды. Бұл Қаулы ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап заңды күшіне еніп, қазіргі кезде құжаттандыру ісі қалыпты жағдайда жүргізіліп жатыр. Яғни, бұл дегеніміз елге алғаш әкелініп, тіркеуге қойылып жатқан автокөліктерді рәсімдеу барысында азаматтарымыз үшін артық бір талап алынып тасталды деген сөз. Себебі, соңғы кездері тіркеуге қойылған көліктердің басым бөлігінің зауыттық қозғалытқыштары ауыстырылған. Өйткені, жүргізушілер үшін жеңіл автокөліктердің двигательін толық жөндеуден өткізгеннен гөрі, онысын тұтасымен ауыстыра салған әлдеқайда арзан әрі тиімді. Мәселені осы жағынан қарастырғанда біздің мұндай талабымыз азаматтарымызды біршама әуреге салатыны жасырын емес болатын. Оның үстіне, двигательдер өзге бөлшектер секілді оңай ғана ауыстыралатын бөлшектер санатына еніп кеткен соң, оны ауыстырған жағдайда агрегаттың зауыттық нөмірін техникалық төлқұжатта көрсету міндетті болмай қалды, - дейді Әкімшілік полиция басқармасы аса маңызды сұрақтар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Бақытжан Асылханұлы.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Ғабит МАДАЛИЕВ

 

Просмотров: 622 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика