Сенбі, 04.05.2024, 01:31
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Қыркүйек » 29 » Елімізде бензин бағасы 5-7%-ға қымбаттайды – МГМ
11:24
Елімізде бензин бағасы 5-7%-ға қымбаттайды – МГМ


АСТАНА. 26 қыркүйек 2013, 11:54. BNews.kz Фото дереккөзі: mln.kz  Ресей Федерациясынан импортталатын бензин көлемінің қысқаруына байланысты, Қазақстан нарығында бензин бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 

«Қазақстан Ресейден жоғары октанды бензинді белгілі бір мөлшерде ұдайы импорттап отыратыны белгілі. Себебі, біздің зауыттар ішкі нарықты бензиннің мұндай түрлерімен қамтамасыз ете алмайды», - деді Ұ.Қарабалин. 

Оның айтуынша, Ресейден жылына 800-900 мың тонна бензин импортталады.

«Қазан айында Омбы, Уфадағы ірі зауыттар жоспарлы түрдегі жөндеу жұмыстарынан өтеді деп жоспарлануда. Осыған орай, Ресейден әкелінетін мұнай өнімдерінің мөлшері азаяды. Бұл – уақытша құбылыс, десек те, бұл жайт Қазақстандағы бензин бағасына әсер ететін болады», - деді министр.

Ұзақбай Қарабалин Қазақстан нарығында бензиннің бағасы өсуі мүмкін деген болжам айтты.

«Қазір сізге нақты айта алмаймын, бірақ 5-7%-дан аспайды деп болжап отырмыз», - деп толықтырды ол.

 

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
Просмотров: 581 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика