Бейсенбі, 02.05.2024, 21:20
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 24 » Болат Әбілев түскі асқа 20 мың доллар төледі ме?
13:34
Болат Әбілев түскі асқа 20 мың доллар төледі ме?

Болат Әбілев түскі асқа 20 мың доллар төледі ме?

Болат Әбілев түскі асқа 20 мың доллар төледі ме?

Шілденің 12-і күні Алматыда өткен «демократиялық күштердің форумы» оппозицияның ішіне тағы іріткі салып кетті. Қазір сол жиынға ұйытқы болған екі топ - әбілязовшілер мен әбілевшілер бірі бірін айыптап, өзара қырқысып жатыр. «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» демекші, ұрыс-керіс соншама қаржы салынған шараның жемісті болмауынан туындады.

Алыс аймақтардан ат арылтып, шаршап-шалдығып жеткен қоғам белсенділері жиынды ұйымдастырушылардың «қолы таза емес, бізге, жиынға бөлінген қаржыны қымқырып қалды» деп, дау айтып жатыр. Олардың ашу-ызасын туғызған тағы бір жайт бар. Ол – жиын болған күні «Серке.орг» сайтында жарияланған мақаланың соңғы абзацы. Мақаланың басқа бөлігімен қос қолын көтеріп толық келіскен шымкенттік бір белсендінің қыжылын қайнатқан мына сөздер екен. «Масасы быжынаған Атыраудың, аптап желі бетке ұрған Қызылорданың, күні шыжыған Шымкенттің  және тағы басқа да аймақтың біраз адамы Мұхтар Әбілязовтың арқасында Алматыға келіп, Алатаудан ескен салқын леп жұтып, қонақүйлер мен санаторийлерде 3-4 күн жатып, біршама тыныстап қалатын болды. Осылайша Мұхтар Әбліязовтың БТА банктен жымқырып кеткен біраз ақшасы елге қайтты, ол ақша Қазақстан азаматтарының игілігіне - демалысына жұмсалды». Осы сөзге ренжіп редакцияға хат жолдаған әлгі белсендінің айтуынша, «Серке.орг» жазғандай, аймақтардан келген делегаттардың «аузынан ақ майы ағып, рахаттанып демалып, бір жасап қалған ештемесі жоқ». Батыс облыстардың адамдары Алматыға қарай шілденің аптабында 3 тәулік пойызбен жүріп келді. Көбісі егде жастағы адамдардан тұратын топ кері қарай да пойызбен кеткен. «Бізді қойшы, бір түн бері, бір түн кері жүрдік. Алыста тұратындарды алты тәулік жол азабын тартқызып, ыстық пойыздың ішінде пісіріп қинағанша, оларды ұшақпен ұшыруға болар еді ғой» деп күрсінді ол. Оның айтуынша, жиынды ұйымдастырушалар аймақтардан келген делегаттарды Алматыдағы ең арзан екі қонақүйге бөліп орналастырыпты. Оның бірі адам құжынаған Көк базардың қасындағы қонақүй («Түркістан»), екіншісі – «Максима» сауда орталығының қасындағы «Шаған» қонақүйі. Бұл қонақүйдің де қапталында құрылыс заттарын сататын базар, дәл алдында май құю бекеті орналасқан. «Екі қонақ үйдің де ұсқыны жоқ, айналасы құжынаған халық, ішіп алып, ұрынарға қара таппай жүрген бұзақылар да көп екен. Жиын болған күні ұйымдастырушылар «Узбечка» атты арзан асханаға апарып, түскі ас ішкізді. Ішкен тамағымыз сол ғана. Тәуліктік қаржы деп әрқайсымыздың қолымызға екі тәулікке 5 мың теңгеден ұстатты. Соны талғажау қылып, әрең жеткіздік» дейді ол. Оның күйінетіні бұл емес. Жиын өткізуге бұрын келісілген залдардың қожайындары айнып кетіп, «демократиялық күштердің форумы» Болат Әбілевтің офисінің алдында, шыжыған күннің астында өткен. «Бізді не үшін шақыртқандарын түсіне алмадық. Жиналыста Рысбек Сәрсенбай Кедендік одаққа, АЭС салуға қарсы қол жинап жатқанын айтты. Тағы бір-екі алматылық басшылар билікті сынады. Қысқасы, мардымды ештеме айтқан жоқ. Аймақтардан келген адамдарға сөз бермеді. Жиналыстың мақсаты не екенін түсіне алмай кеттік сол күйі» дейді ол. Айтуынша, жиынның басты ұйымдастырушылары Болат Әбілев пен Марат Жанұзақов (Әбілязовтың өкілі) қаржы полициясының шақыртуымен кетіп қалып, жиынға қатыса алмаған. Болат Әбілев сол күйі қарасын көрсетпей кетіпті. Марат Жанұзақов делегаттар «Узбечка» асханасында тамақтанып жатқанда келген. Сексен адамға жайылған дастарханды көріп жағасын ұстапты. Мұның мынандай себебі бар екен. Жиынға аймақтардан келіп-кететін адамдардың жартысының жолкүресі, жиын өткізетін залдың ақысы, қонақүй ақысы және түскі астың ақшасы төлеуді Болат Әбілев өз мойнына алыпты. Әрине, бұған ол өз қалтасынан бір тиын шығармаған. Мәлім болғандай, «демократиялық күштердің форумын» өткізудің барлық шығынын Мұхтар Әбілязов көтеріп алған. Бұл қаржыны игеру екі адамға  - Б.Әбілев пен М.Жанұзақовқа жүктеліпті. Ал Болат Әбліев делегаттардың «Узбечкада» түскі ас ішкеніне 20 мың долларды «списать» етіпті. «Узбечкадағы түскі астың әлпетін өз көзімен көрген Марат Жанұзақов бұлқан-талқан болып ашуланыпты. Шындығанда да солай. Ол асқанадаға  түскі ас әр адамға парлап барды дегенде 2 мың теңгеден аспайды.

Шымкенттік белсендінің жоғарыда келтірген мәліметтерін басқа дереккөз арқылы тексердік. Бәрі солай болған. Тек оның «Болат Әбілев қарасын көрсетпей кетті» дегенінде жаңсақтық бар. Шындығында «финполға кеткен» Б.Әбліев «Узбечкаға» келген. Бірақ жалпы залға соқпай, асхананың VIP-кабинасына кіріп кетіп, сонда тамақ ішіпті. Сондықтан басқа жұрт оны байқамай қалған.

«Демократиялық күштердің» жиыны өткен күннің кешінде (ертесіне олардың көбісі ауылдарына қайту керек еді) аймақтардан келген делегаттар «Шаған» қонақ үйінің алдындағы асханаға жиналып, болған жағдай жөнінде кеңеспекші болып, жиынды ұйымдастырушыларды сонда шақырды. Болат Әбілев телефонын көтермей қойған. Маржан Аспандиярова қаланың сыртында – алыста жүргенін сылтауратып келе алмайтынын айтқан. Бұл жолы тіпті Марат Жанұзақов та келмей қойыпты. Қысқасы, аймақтардан келген қауымға жағдайды түсіндіруді ешкім қажет деп таппады. Тек алматылық белсенді Ермек Нарымбаев қана аймақтан ат арылтып келгендердің көңілін аулау үшін кешке қонақүйге келіп, өзінің бұл шараны ұйымдастыруға қатысы болмағанын, Әбілязовтың қанша ақша бөлгенін білмейтінін, ол ақшаның жұмсалуына өзінің қатысы жоқтығын айтып, біраз әңгіме жасап қайтты. Аймақтардан келген қауымның Әбілев және оның командасына ренішін тыңдап қайтқан ол сол күннің кешінде Фейсбуктегі өзінің парақшасына былай деп жазды (жазба ұзақ, сондықтан оның тақырыпқа қатысты тұсын ғана беріп отырмыз): «...Адекватна ли у нас сама оппозиция, когда ее старые лидеры по привычке считают массу активистов оппозиции за баранов? Очень жаль, что я не поинтересовался: а сколько денег было потрачено на сие мероприятие? И будет ли финансовый отчет перед участниками собрания? И попросту: сколько бабок срубили на этом мероприятии ради галочки? За сверхконспирацией люди надеялись попасть на полноценно-уважительную дискуссию по важным вопросам, но попали на ПШИК.
У каждого провала, ЧП есть имя - и имя сегодняшнего провала в очередном оппозиционном сотрясании воздуха - Болат Абилов
».

Ал сол күні  оппозицияшыл ұлт патриоты Мұхтар Тайжан да «Противно, что некоторые оппозиционные менеджеры из этой деятельности сделали банальный бизнес. Считаю, что сегодня быть только честными и порядочными мало. Надо быть еще и эффективными» деп жазды. Кейбір сарапшылардың пікірінше, «демократялық күштер» жиынының болымсыз болып қалуының тағы бір себебі бар. Жиынды ұйымдастырушылардың кейбірін бұған дейін жасаған нашар қылығы үшін ұлт патриоттары бұл жиынға атсалыспаған. Егер олар қосылғанда жиынның мазмұны мен қоғамдық саяси дүмпуі әлдеқайда мықты болушы еді. Бұл пікірді қуаттайтын мысалды ұлт партиоттарының лидері Мұхтар Тайжанның жазбасынан кездестіруге болады. Ол «Әбілевтің шақыруымен мен енді ешқандай шараға қатыспаймын. Мен референдумнан (16 наурызда өтткен жиын –ред.) кейін осындай шешімді қабылдадым» деп жазды Фейсбукте.

Бұл жиынға Мұхтар Әбілязов қанша ақша бөлді? Кейбір мәлімет бойынша, бұл ақшаның көлемі – 500 мың доллар. Бұған сенуге де, сенбеуге де болады. Егер «түскі ас 20 мың доллар болады, аймақтардан мыңға жуық адам шақырамыз және оларға жол азабын тартқызбай арлы-берлі ұшақпен тасымалдаймыз» деп смета жасалса, ондай ақшаны Әбілязов бөлуі де мүмкін. Бастысы – арқа сүйейтін адам таппай қиналып, бас сауғалап жүрген оны сендіре білуде ғой. Бұған бизнесмен Болат Әбілевтің «таланты» жетеді. Бірақ, жиынға аймақтардан 30-дан астам ғана адам әкелінді. Оларға кеткен шығынды жоғарыда айттық. Бұл жиынға соншама ақша жұмсалмағаны, парлап барғанда 2-3 миллион теңге кеткені көрініп-ақ тұр. Дегенмен, өзінің атын атамауды өтініп, жоғарыдағы жағдайды жайып салған белсендінің «Серке.орг» сайтында бұған дейін жарияланған мақалаға өкпелейтін жайы жоқ. Әбілязовтың ақшасының рахатын аймақтардан келген делегаттар көрмесе, көрмесе шығар. Сол мақаладағы «Мұхтар Әбліязовтың БТА банктен жымқырып кеткен біраз ақшасы елге қайтты, ол ақша Қазақстан азаматтарының игілігіне - демалысына жұмсалды» деген сөйлемнің астарында бәрібір шындық жатыр. Себебі, Болат Әбілев, Маржан Аспандиярова, Гүлжан Ерғалиева, Марат Жанұзақов және басқа да оппозиция лидерлері "тоқалдан туған жоқ". Олар да Қазақстан азаматтары ғой.

1-суретте: Аймақтардан келген делегаттар "Шаған" қонақүйінің алдындағы асханада жиынды ұйымдастырушыларды күтіп отыр. Бірақ олар келмеді.

2-суретте: Б.Әбілев офисінің алдындағы "демократиялық күштердің форумы".


ДереккөзҒ Серке. орг.

Просмотров: 676 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика