Жұма, 03.05.2024, 07:59
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 23 » Байқоңырда кезекті «Протон-М» құрастыруға кірісті
09:01
Байқоңырда кезекті «Протон-М» құрастыруға кірісті

«Глонасс» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.«Глонасс» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон-М» зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары басталды деп хабарлады «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

Бұл «Протон-М» жер орбитасына америкалық Sirius FM-6 спутниктік радиоға арналған ғарыш аппаратын жеткізеді деп жоспарланған. Әзірге ұшу кестесі жасалмаған, бірақ бұған дейін Мәскеудегі Хруничев атындағы орталықтың ақпаратында еуропалық Astra 2E, АҚШ-тың Sirius FM-6 және Inmarsat 5 F1 коммерциялық спутниктері, сонымен бірге Ресейдің әскери мақсаттағы «Радуга-1М» және «Экспресс-АМ5» байланыс спутнигі ғарышқа ұшатындар тізімінде аталған деп жазады агенттік.

2 шілде күні үш «Глонасс» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен соң, Ресейдің «Роскосмос» агенттігінің басшысы апат себебін анықтайтын комиссияның жұмысы аяқталғанша «Протон-М» зымыран тасығышын ғарышқа ұшыру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеген еді.

Апат салдарынан Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы зымыран тасығыштың улы отынымен ластанған жер көлемі туралы түрлі пікірлер айтылды.

Дерекөз: Азаттық радиосы.
Просмотров: 458 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика