Дүйсенбі, 29.04.2024, 02:27
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 13 » "Бұдан былай «Сенімхат» үшін шығындалып керегі жоқ", - полиция өкілі
00:08
"Бұдан былай «Сенімхат» үшін шығындалып керегі жоқ", - полиция өкілі



  • Картинка

Астана. 13-наурыз. Baq.kz – Бүгін Астана қаласындағы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Жолдағы қабылдау» атты республикалық акциясын өткізген болатын. Акция аясында жүргізушілер тарапынан қойылған көптеген сауалдардың бірі – осы күнде қоғам арасында кеңінен талқыланып жүрген қолмен жазылған «Сенімхаттың» заңдық күшіне байланысты болды. Оған Әкімшілік полиция басқармасының аса маңызды сұрақтар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Бақытжан Асылханұлы жауап берді.

- Көлік құралының иесі мен көлігін жүргізуге өзі сенім артып отырған адаммен бірге тиісті құжаттармен жол полициясы мекемесінің мамандарына келіп, солардың көзінше куәландыра отырып, сенімхатты қолмен жазып берсе және оны мекеменің жауапты мамандары дұрыстығын тексеріп, тіркеуге қойса осының өзі жеткілікті. Яғни, осы сәттен бастап қолмен жазылған «Сенімхат» республика аумағында заңды күшіне енеді. Демек, көлік иесіне немесе оны жүргізуге құқық алу үшін нотаруисқа барып, артық шығындалудың қажеті жоқ. Мұндай құжаттың заңдық күші бұрын талап етілгендей, нотариуспен куәландырылған сенімхаттармен тең дәрежеде болады, - дейді полиция подполковнигі.

Оның айтуына қарағанда, құқық қорғау органдарының мұндай қадам жасауының басты себебі, осы саладағы құжаттандыру мен қызмет көрсету сапасын жоғарылату ниетінен туындап отыр екен. Оған қоса, ел азаматтарының көлік тізгіндеу құқына иелік етуі үшін жөн-жосықсыз шығындарды азайту мақсаты көзделгендігін де ескере кеткен жөн.

 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Ғабит МАДАЛИЕВ
Просмотров: 14474 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика