Жұма, 03.05.2024, 08:46
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 25 » Қажылыққа баратындарға вирус қаупі ескертілді
02:52
Қажылыққа баратындарға вирус қаупі ескертілді

Қажылыққа бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр. Алматы, 16 қазан 2012 жыл. Көрнекі сурет.

24.07.2013
Қажылыққа баратын денсаулығы нашар қазақстандықтарға коронавирусқа шалдығу қаупіне орай ескерту жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин осы ауруға байланысты Сауд Арабиясындағы жағдайдың күрделі екендігін мәлімдеді.

Бұл туралы хабарлаған Tengrinews.kz сайты мәліметінше, Бекшин осы туралы діни басқармаға ескертілгенін айтқан.

"Сауд Арабиясында 77 адамнан коронавирус анықталып, оның 44-і қайтыс болған" деген Бекшин.

Оның айтуынша, иммунитеті әлсіз, жасы ұлғайған, қант диабеті тәрізді созылмалы дерттерге шалдыққан адамдардың Сауд Арабиясына сапардан сақтанғаны жөн.

"Жолға шығардан бұрын учаскелік дәрігермен кеңесіп алған дұрыс" дейді маман.

Бұдан алдын коронавирусқа байланысты биыл қажылыққа баратындар саны 20 пайызға қысқаруы мүмкін екені хабарланған еді. Жаңа вирус қажылыққа баратындарды біраздан бері алаңдатып келеді.
Просмотров: 528 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика