Жексенбі, 28.04.2024, 08:33
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Қаңтар » 24 » Қазақстанда жаңа агенттік құрылуы мүмкін
13:27
Қазақстанда жаңа агенттік құрылуы мүмкін


 АСТАНА. 23 қаңтар. BAQ.KZ – Елімізде орта кәсіптік білім беруді қамтамасыз ететін агенттік құру қажет. Бүгін Астанада өткен «Қазақстан - 2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали осындай бастама көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 «Қазақстанда қарапайым жұмысшыға деген құрмет болуы тиіс. Несін жасырайық, шаштараз, аспаз, құрылысшы, дәнкерлеуші деген мамандықтарға біздің нарық өте мұқтаж. Жастар мұндай мамандықтарды оқығысы келмейді. Ойлаңыздаршы, қара жұмысты кім істейді?! Бәріміз шенеунік боламыз ба?. Осы орайда жұмыскерлерге деген құрмет болуы үшін, кәсіптік білімдерін жетілдіріп отыру үшін елімізде орта кәсіптік білім беруді қамтамасыз ететін жаңа агенттік құру қажет. Агенттік Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылмауы тиіс. Бұл агенттіктің қызметі аталған министрліктің қызметін қайталамайды. Біздің партия осыған қол жеткізуді көздейді», - деді С.Сұлтанғали.
Коалициясының отырысына қатысушы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұл ұсынысты қолдайтындығын жеткізді.
«Бұл мәселені Үкіметте көтереміз. Идеяңыз өте орынды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым жұмыскерлерге құрметтің болуын және біліктілігін жетілдіріп отыруды үнемі тапсырып келеді», - деді Б.Байбек.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрамында техникалық және орта кәсіптік білім беру департаменті жұмыс істейді. Департаменттің агенттікке айналуына ендігі жерде Үкіметтің қолдауы қажет.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,

Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).

Просмотров: 476 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қаңтар 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика