Бейсенбі, 02.05.2024, 21:41
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 29 » Қазақстанда Көлік күндері – 2014 өтеді
23:53
Қазақстанда Көлік күндері – 2014 өтеді


Астана. 29 шілде. Baq.kz 2014 жылғы 19-21 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстанның көлік күндері – 2014» ұйымдастырады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Аталған шара 2014 жылғы 21-23 мамыр аралығында өтетін Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция және VII Астана экономикалық форумы аясында өткізіледі.

«Көлік күндері» бағдарламасына мына шаралар кіреді: «Көлік Еуразия – 2014» ІХ халықаралық конференциясы; «ҚазақстанТранзит – 2014» халықаралық көрмесі, мұнда еуроазиялық өңірдің көлік индустриясының соңғы жетістіктері көрсетіледі; сондай-ақ түркітілдес мемлекеттердің, Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің көлік министрлері деңгейінде Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін арттыру және көлік саласының концессиялық жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған жиын, дөңгелек үстелдер.

Бұл шаралар транзитке арналған заманауи көлік және логистикалық жүйелердің барлық түрлерінің кешенді көрінісін ұсынады.

«Көлік күндері» тұрақты негізде өткізіліп келеді, 1997 жылдан 2008 жылғадейін – екі жылда бір рет, енді – үш жылда бір рет.

«Қазақстанның көлік күндері – 2014» жұмысына әлемнің 30 елінен келген 500-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, оның қатарында Еуропа, Азия, ТМД және Балтия елдерінің көлік ведомстволарының делегациясы, Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық корпус басшылары, 15-тен астам халықаралық және қаржы ұйымдарының өкілдері, 100-ге жуық шетелдік көлік компаниялары және Қазақстанның 60-тан астам ірік компаниясы да бар.  


Bnews.kz
Просмотров: 604 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика