Жұма, 03.05.2024, 04:44
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 24 » Қазақстанда доллар неге өсті?
13:16
Қазақстанда доллар неге өсті?

Шілдеде Қазақстанда АҚШ долларының құны өсіп, 1 доллардың бағамы 153 теңгеден асты. Доллардың қымбаттауына не себеп? Ақшаны қай валютада сақтаған жөн? Азаттық осы тақырыпта сарапшымен сұхбаттасты.

Доллар бағамына қарап тұрған адам. Алматы, 23 шілде 2013 жыл
Доллар бағамына қарап тұрған адам. Алматы, 23 шілде 2013 жыл

Теңгенің долларға шаққандағы курсы соңғы рет 2003 жылы 155 теңгеге дейін жеткен еді. Кейін курс қайта түсіп, енді 10 жылдан кейін биылғы шілдеде қайта өсе бастады. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 1 доллар 153, 03 теңгені құраған. Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Сағындық Сатыбалдиев Азаттыққа мұның мәнісі туралы әңгімеледі.

Азаттық:- Доллардың қымбаттауына не себеп болып отыр?

Сағындық Сатыбалдиев: - Бір айдың көлемінде доллардың үш теңгеге дейін өсуіне Ресей рублінің арзандауы себеп болып отыр. Басты себеп – осы. Ресейдің рублі жыл басында 5 теңге болды. Мамырда 4,75 теңгеге дейін түсті. Ал қазір 4,50 теңге болып тұр. Теңгенің қымбаттауының Қазақстанның ішкі экономикасына қатысы жоқ. Ресей сыртқы сауда қарым-қатынасын жақсартып, өз тауарын өткізу үшін рублді арзандатуға мәжбүр болып отыр.  Соның салқыны Қазақстанға тиді. Доллардың өсуіне себеп болған тағы бір фактор – мұнай бағасының қымбаттауы.

Азаттық: - Бұл қымбаттау теңге девальвациясының алғышарты емес пе?
Сағындық Сатыбалдиев, Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторыСағындық Сатыбалдиев, Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы

Сағындық Сатыбалдиев: - Бұл жағдайды теңгенің девальвацияға ұшырауының алғышарты деуге келмейді. Қалыпты құбылыс десек болады. Менің болжамым бойынша, бір доллардың құны 153 теңгенің маңайында болады. Ұзағанда 155 теңге болуы мүмкін.

Азаттық: - Доллардың қымбаттауы қай уақытқа дейін жалғасуы мүмкін?

Сағындық Сатыбалдиев: - Жалпы, доллардың құнының көтерілуі биылғы жылдың басында болжанған. Себебі бір доллардың құны 150 теңгеден түскен жоқ. Жыл соңына дейін өсіп, 155 теңгеге дейін жетер. Одан әрі аспауы тиіс. Бір доллар 160 теңгеге дейін барады деген әңгімелер – негізсіз.

Азаттық: - Халық өз ақшасын қандай валютада сақтағаны тиімді?

Сағындық Сатыбалдиев: - Халық өз қаржысын тек теңгеде сақтағаны жөн. Себебі доллардың болашағы туралы болжам айту қиын. Доллардың бағамы мұнай бағасына, әлемдік сауда-саттыққа байланысты. Сондықтан доллар келер жылы түсіп кетуі де мүмкін. Қазақстан халқы депозит және басқа да банк салымдарын, есепшоттағы қаржыларын теңгемен сақтағаны дұрыс.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рақмет.

Дереккөз: Азаттық радиосы


Руслан МЕДЕЛБЕК

russport.kz@gmail.com

1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенті.

"Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған.

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.
Просмотров: 861 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика