Жұма, 03.05.2024, 04:08
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2013 » Шілде » 25 » Қазақ баласын қай спорт түріне бергені дұрыс?!
10:54
Қазақ баласын қай спорт түріне бергені дұрыс?!



Қазақ спортшылары Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген барлық спорт түрлерін қамту үшін не істеу керек? Біз су спортынан әлі әлсізбіз, командалық спорттан тек қатысушылар қатарындамыз. Үлкен теннисте «үлкен» мәселе бар. Әншейінде «сақтар секілді атқа отырған ешкім жоқ» деп Геродоттың сөзін негізге алып сөйлегенде алдымызға жан салмаймыз, бірақ ат спортынан аты озған ешкім жоқ. Күресеміз, жұдырықтасамыз, зілтемір көтереміз, болды ма?! Арасында кедергімен жүгіруден, үш қарғып секіруден ара-тұра алтын алып қоятынымыз бар. Ал, біздегі велоспорт тек Винокуровтың ғана жетістігімен есептеледі.

Күрес, бокс, зілтемір. Бұл біз үшін құтты спорт түрлері саналғанмен, еуропалықтар мен америкалықтар үшін жәй ғана ұрда-жық жабайы өнер. Ал, олар үшін үлкен теннис, суда жүзу, мәнерлеп жүзу, ат спорты сияқты спорт түрлері бекзат өнер саналады. Әрине, бұл батыстың көзқарасы бойынша. Ал, бізде осы спорт түрлері бойынша дәстүр жалғастығы сақталған. Атымызды алты құрлыққа шығарған да, мәртебемізді асырып жүрген де осы спорт түрлері.
Әлемде спорттық державаға айналған елдер спорттың барлық түрлерін кешенді түрде қолға алған. Жекелеген спорт түрлерінен ғана жүлде салмай, бағдарламаға енген барлық спорттың ортасында қайнап, жүлдеге біртабан жақын жерден қайтады.
Бізде олқылықтар көп.
Біріншіден, балалардың қай спортқа бейім екендігін анықтайтын институттар жұмыс істемейді.
Екіншіден, әр баланы баулып, кәсіби спортшы етіп шығаратын білікті бапкерлер мен жаттықтырушылардың еңбек ақысы қарапайым халықтың қалтасына сай келмейді.
Үшіншіден, бізде әр спорт саласының мамандары республиканың әр түкпірінен талантты балаларды іздеудің орнына дайын спортшыларды ғана пайдаланады (олардың қатарында сырттан келетін келімсектер де бар).
Төртіншіден, барлық спорт түрлеріне бірдей жарнама жасалмайды. Жастардың спортқа бет бұруы тек саусақпен санарлықтай ғана спорт түрлерімен ғана шектеледі.
Бесіншіден, спорт басшыларының бұқаралық спортты дамытуға келгендегі қимылы өте солғын. Себебі, біз спорттың болашағы үшін емес, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында нәтиже көрсету үшін ғана жұмыс жүргіземіз. Ал, қарапайым халықтың спортпен шұғылдану көрсеткіші төмен.
Алтыншыдан, бізде басқа елдердегідей барлық қызметтік орындарда спорт залдары жұмыс істемейді. Не болмаса, қызметкерлерге спортпен шұғылдануға мүмкіндіктер аз қарастырылған.
Жетіншіден, бізде Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында ғана жүлде алған спортшылардың ғана әлеуметтік жағдайы жақсы. Ал, Азия мен ел біріншіліктерінде көрінген, универсиада, спартакиада секілді бәсі төмен (салыстырмалы түрде) турнирлерде жеңіске жеткен спортшыларға сый да, сияпат та аз. Құрмет мүлдем көрсетілмейді.
Қазақстанда қай спортпен шұғылдануға жағдай жасалған? Ақылы спорт қайсы, «ақылды» спорт қайсы? Әлде тегін барып шұғылданатын спорт секциялары жұмыс істей ме? Қаланың әр бұрышында қаптаған шығыс жекпе-жектері спортшы үшін қаншалықты пайда әкеледі, оның болашағы бар ма? Міне, осы сұрақ төңірегінде «Рейтинг.кз» зерттеу агенттігі Алматыдағы қолжетімді спорт секциялары мен ақылы спорт секцияларының рейтингін жасапты. Қымбат, орташа, айтарлықтай арзан спорт секцияларына баға беріпті.
Олардың көрсетуі бойынша, Алматы қаласында ақысыз спорт секциялары көп екен. Бірақ, ол жерлерде қатысушылар саны шектеулі. Олар 12 мүшесі сау, спортқа бейім балаларды ғана қатарға тартады. Ал, әлжуаз, денсаулығы жарамсыз, спортқа бейімсіз балалар амал жоқ ақылы спорт таңдауына тура келеді. Жағдайы бары жол тауып кетсе, қалтасы көтермейтіндер жағада қалып жатады.
Ақылы спортқа баратындардың көбі (бокс, күрес, дзюдо, таэквондо) жекпе-жек түрлерімен шектелсе, қалтасы қалың отбасылар балаларын футбол, теннис, жүзу, мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика секілді қызметі едәуір қымбат спорт салаларына береді. «Рейтинг.кз» зерттеу агенттігінің мәліметі бойынша, балаларын спортқа баулитындардың дені осы спорт түрлерімен ғана шектеледі екен. Ал, ескекпен жүзу, нысана ату,допты хоккей, су добы, шайбалы хоккей секілді спортқа баратындар мыңнан біреу, жүзден жалғыз. Осыдан кейін, бұл спорт түрлерінен ел намысын қорғауды келімсектерге сеніп тапсырмасқа амал жоқ.
Ал, жаттықтырушыларға келер болсақ. Алматыдағы спорт секцияларының көбінде тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Егер, балаңызды көпшілікпен бірге емес, жеке дайындалсын десеңіз, жаңадан үйретіп жүрген жаттықтырушыларға 30-40 мың, тәжірибелілеріне 90 мың төлейсіз. Осы ретте ресми деректер бойынша Алматыдағы жеке жаттықтырушылардың қызметі 135 мың тұрады екен. Әрине, жеке жаттықтырушы жалдайтындар елімізде аз болғандықтан, білікті мамандар басқа саладан пайда табуға бет бұрады. Ал, бұл жағдай спорттың болашағына нұқсан келтіреді. Білікті бапкер, жанкешті жаттықтырушы болмаған жерде талант қайдан ашылсын?! Сондықтан, ең біріншіден жаттықтырушылардың қызметін жоғары бағалау керек.
Әрине, жоғарыда атап өткен жүзу, мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, футбол, теннис секілді спорт түрлеріне жазылу қымбат тұратындығын айттық. Ал, ең арзан спорт секцияларының қатарына еркін күрес, грек-рим күресі, бокс, дзюдо жатады (айына 4500-6000 теңге). Қарап отырсаңыз, бізде жүлде салатын спортшылар осы «арзанның» айналасынан шыққандар. Неғұрлым арзан болған сайын, солғұрлым нәтиже беріп келеді. Демек, басқа да спорт түрлерінің ақысын халықтың мүмкіндігіне сай етіп, қолжетімді етуге тырысу қажет.
Қолжетімді спорттың бірі бокс делік. Біз осы бокстың қолжетімділігінен, оның елімізде бұқаралық сипат алуынан қор болып отырмыз ба? Кеше ғана Азия біріншілігінен 8 бірдей боксшымыз финалға шығып, оның жетеуі алтынмен оралды.
Ал, бағасы орташа спорт секцияларына (айына 7500-11500 теңге көлемінде) футбол, баскетбол, жүзу, таэквондо кіреді. Аталмыш спорт түрлері бойынша Пекин Олимпиадасында жүлде салған таэквондошы Арман Шілмановтан басқа бірде-біреуінде ешбір жарқ еткен жұлдыз жоқ.
Ал, ең қымбат спорт түрлеріне көркем гимнастика, суға секіру және үлкен теннис жатады (айына 12500-16500 теңге көлемінде). Одан кейін шайбалы хоккей, волейбол, су добы, синхронды жүзу спорт секциялары (айына 18 000теңге) кіреді.



Дереккөз: Жебе.

Просмотров: 752 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика