ИЕРУСАЛИМ.
10 қыркүйек 2013, 16:19. BNews.kzФото дереккөзі: gorodkerch.com Израиль археологтары Иерусалимнің тарихи орталығынан алтынға толы қойма тапты, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.
Алтын ақша мен зергерлік бұйымдар 1 жарым мың жыл
жер астында жатқан. Сарапшылардың пайымдауынша, еврей қауымы бұл
байлықты парсы басқыншыларынан жасырған. Ғалымдар аса құнды олжаны
біздің заманымыздың 7 ғасырының басына жатқызады. Сол кезеңде парсы
әскері византиялықтарды қаладан қуып, билік ирандық Сасанидтер әулетінің
қолына көшеді. Бұл Иерусалимнің бүкіл тарихында табылып отырған алтынға
толы үшінші қойма.