Сенбі, 27.04.2024, 23:41
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Қаңтар » 5 » 10 сынып оқушысы жасанды жолмен бал алды
11:49
10 сынып оқушысы жасанды жолмен бал алды


Астана. 4 қаңтар. Baq.kz – Ғылыми жаңалықтың тиімділілігі сол ағзадағы зиянды вирустар мен аллергияны емдеуге қауқарлы. Дәмі де табиғи ара балынан еш кем түспейді. Темірлан алғашында жай ғана химияға деген қызығушылықпен бастаған ғылыми жобасы мұншалықты жемісті болады деп ойламаған. Ол жасанды жолмен бал алу үшін бір жыл еңбектенген.
 

Алдымен қантқа лимон қышқылдары мен су қосып қоюланғанға дейін қайнатқан. Кейіннен зизифора өсімдігінен алынған эфир майын араластырып көрген. Нәтижесінде дәмі табиғи бал татитын өнім дайындалған. Тіпті, жас зерттеушінің қанатқақты еңбегі оқушылар арасында өткізілген байқауда биылғы жылдың үздік ғылыми жобасы атанып, арнайы марапатты да иеленді.


Темірлан Нәби, 10сынып оқушысы:


- Мен мұндай жүлдені бірінші рет алып тұрмын. Болашақта ағаймен жұмыс істеп үлкен ғалым болу – менің мақсатым.


Ал Темірланға бағыт-бағдар беріп, оның ғылыми жобасының тиімділігін дәлелдеуге ұстазы көмектескен. Мамандар зерттеу кезінде жасанды жолмен алынған балдың артықшылығына да көз жеткізіпті.


Ерлан Сүлеймен, ЕҰУ Қолданбалы химия институтының директоры:


- Табиғи балдан кейбір адамдарда аллергия пайда болады. Ал біздің өнімнің құрамында биологиялық белсенділігі жоғары заттар болмағандықтан, аллергияға қарсы әсері болады. Екіншіден, біз зизифора өсімдігінен алынған эфир майын қосып жатырмыз. Балдың тағы бір қасиеті суық тигенде де дертке шипа. Ең бастысы өнімнің бағасы табиғи балдан арзан.

 


Авторлар: Назерке Әбдірахманқызы, Бауыржан Қадыржанов


Baq.kz

Просмотров: 687 | Добавил: Jakup | Теги: Оқушы, бал, Жаңалық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қаңтар 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика