Сенбі, 04.05.2024, 08:36
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 4 » Обама Путинмен телефон арқылы сөйлесті
10:49
Обама Путинмен телефон арқылы сөйлесті
02 Наурыз 2014,

Астана. 2 наурыз. Baq.kz – Ақ үй жұма күні АҚШ президенті Барак Обаманың Ресей президенті Владимир Путинмен жарты сағат телефонмен сөйлескенін хабарлады. 

Ресми мәлімдемесінде Обама "Ресей Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзды" деп мәлімдеді.

Обама "АҚШ Ресейдің Украина территориясына әскер кіргізуін" айыптады. АҚШ Ресейді Украинадағы жағдайды ушықтырмауға, әскерін Қырымдағы базасына қайтаруға, Украинаның ішкі ісіне араласпауға шақырды.

Путин Обамаға "Мәскеудің Украинадағы мүддесі мен орыстілді тұрғындарды қорғау құқығы бар" екенін ескерткен.

Барак Обама Владимир Путинге "Ресей Украинадағы этникалық азшылық құқығына алаңдаса, ондай мәселелер бейбіт түрде, ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) сияқты халықаралық ұйымдардың аясындағы келіссөздер арқылы шешілуі қажет екенін" айтқан.

Обама "Ресейдің Украина егемендігін бұзуы оның халықаралық беделіне нұқсан келтіретінін" ескерткен. АҚШ Сочиде (Ресей) өтетін "Үлкен сегіздік" саммитіне қатысуға дайындық шараларын уақытша тоқтатты.

АҚШ президенті Обама "Украинаға жедел қаржылық және техникалық жәрдем беруге" бұйрық етті. 

Азаттық.
Просмотров: 477 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика