Жексенбі, 19.05.2024, 11:05
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

[ Жаңа хабарламая · Қатысушылар · Форум ережесі · Іздеу · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Сұхбат » Сұхбат тақырыбы. » Талқыдағы тақырып » Фольклор және ақындар шығармашылығы.
Фольклор және ақындар шығармашылығы.
JakupДата: Сенбі, 20.07.2013, 13:06 |Хабарлама # 1
Подполковник
Тобы: Администраторы
Хабарлама: 33
Награды: 1
Беделі: 11
Статус: Offline
Мұқағали Мақатаев 

Отан!
Отан!!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
…Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!

Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!

Жалғыз Отан.
Біздер оған сәбилер,
Тіршілікте тынса үзіліп ән-күйлер,
Жалғыз Отан мәңгілікке әлдилер...


Оқып қой ешнәрсең кетпейді.
 
JakupДата: Жұма, 30.08.2013, 11:43 |Хабарлама # 2
Подполковник
Тобы: Администраторы
Хабарлама: 33
Награды: 1
Беделі: 11
Статус: Offline
ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

Жазы бар жалынмен жандырған,
Қысы бар аязға қардырған.
Көктемі - балауса, балдырған,
Ал күзі - алып бір ақ қырман,
Ақ дәннен ақ нөсер жаудырған,
Күрең нан жаңа алған тандырдан.
Көлденең көлбеген көкжиек
Қыранның қанатын талдырған.
 


М.Мақатаев.


Оқып қой ешнәрсең кетпейді.
 
Сұхбат » Сұхбат тақырыбы. » Талқыдағы тақырып » Фольклор және ақындар шығармашылығы.
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск:

-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика




    

       1.