Сейсенбі, 07.05.2024, 00:47
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Шілде » 21 » “Қытайдың бізден несі артық? (тәуелсіздікте туған бір ой…)”
16:29
“Қытайдың бізден несі артық? (тәуелсіздікте туған бір ой…)”

Қытай туралы сөз болса оларды барлық жағынан бізбен салыстырып, алып державаның бізден әлдеқайда алда екенін айта келіп, Қазақстанды Қытайдан төмендетіп жатқандарды жиі кездестіремін: Олардың «Қытайда сондай, ал бізде болса…» деген айтар өкпелері көп. Қазақстанды кенжелеу көретіндер Қытайдың төмендегі артықшылығын көп айтады:

Қарқынды түрде дамып жатқан, тұрақталған экономикасы бар;
Тұтас бір елдің даму картасы дұрыс «сызылған»;
Әділеттілігі басым, заңдары қатал;
Қоғамның тұрмыс-тіршілігі үшін барлық жағдай жасалған;
Азаматтары үшін, олардың амандығы мен бостандығы үшін мемлекет гарант. Қандай да бір қиындық туса, оның бәрін де мемлекет шешіп береді;
Әлемде өзінің ұлттық брендін қалыптастырған;
Қоғамның қауіпсіздігі мықты;
Құрамына 2.2 миллионнан астам әскерді жинаған әлемдегі ең көп қарулы күш;
тағысын тағы бар…
Бұл солайы солай! Қытай – Ұлы держава, әлемнің бірден-бір алмапуыт мемлекеті. Экспорттан әлемнің жетекшісі.
Меніңше елді салыстырудың мұндай ең арзан формасын таңдап сын айту дұрыс емес.

Биыл Қытайдың құрылғанының 63 жылдығы, ал Қазақстанның тәуелсіздігіне жаңадан 21 жыл. Екі елдің ел бол қалыптасу уақытын салыстырсаңыз Қытай біз көрген уақыттың үшеуін жасап тастады: Осыған дейін қатесін түзеп, жоғын толықтырып, кемін түгендеп, көрерін көріп, жасарын жасап қалды… Былайша айтқанда, Қытай пайғамбар жасына келген, ата сақалы аузына түскен ұлы қария да, ал Қазақстан 21-ге енді келген, ақылы мен ойы толысып, енді ғана отау құруды, азамат болуды ойлап, оңы мен солын танып қалған, тепсе темір үзетін жігіт жасында… Олай болса, «Қытай сондай екен, біз өстіп қалыптық» деуге келе ме?!

Қытайдың құрылғанына жиырма жыл толғанда Мао Зыдунның халыққа жолдауынан (видеодан алынған кескін)
Қытайдың құрылғанына жиырма жыл толғанда ел көсемі Мао Зыдунның халыққа жолдауынан үзінді (видеодан алынған кескін)

Қытай дәл біздің жасымызда біз жеткен жетістіктерге жеткен жоқ!
Бізде бар мүмкіншіліктер мен байлықтар болған емес!
Мао Зыдун Қытайдың құрылғанына жиырма жыл толғандағы салтанатты жиында: «Біз келер ұрпаққа бұрын-соңды жасалмаған, сызылмаған, жоспарланбаған дүниелердің төтенше жағдайдағы істерін ойлап таптық. Біздің мақсат соған жету ғана! Ал мақсатқа жетуге бізде барлық жағдай бар!» деген болатын (2-суретте). Сөйтіп ол халықты өзіне сендіре білді және сенімді ақтай алды. Сонда бар болғаны олар қазір кезінде алдарына қойған Ұлы да, айқын мақсаттарына біртіндеп жетіп жатыр. Олар өздеріне, өздерінде бар қабілет-мүмкіндіктерге, күшіне, қауқарына, болашағына сене білді. Қазір соның жемісін көрген сайын, қытайлар Мао мырзаға рақметтері мен алғыстарын жаудырып, артынан дұғасын тілеп жатыр… Ал бізде, яғни қалықтың жүрегінде – сізде осындай сенім бар ма?!…

Ал салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, қазір Қазақстанда Қытайдың сол уақытта болған мүкіндіктерінің сан есесі бар. Әрі Қытайдың қазіргі жасында олардың қазір жеткен жетістіктерінен әлдеқайда алда тұратын көрсеткішке жетудің үлкен жауапкершілігі де тұр…

Ел мен елдің байлығы мен құндылығын айыратын факторлар олардың қазіргі таңдағы тұрмыс-тіршілігі, экономикасы, я болмаса беделі емес. Сіз қызыққан елдің осы жағдайға қалай, қайтіп жеткендігіне назар аудару маңыздырақ. Егер біз сызған «болашақ картасында» қателіктер болмаса, онда Ұлы қазақтың әлемнің көшін бастайтын ел боларына өз басым сенемін! Құдай тағала сол қателіктерді жасамауымызға бастасын… Мені мазалайтын бір-ақ дүние – мемлекет сендірген, билік уәде берген дүниелер расымен де олар айтқандай мінсіз бе?!…

Бәрін айт та, бірін айт, тәуелсіздігімнің баянды да, мәңгілік болуын тілеймін!
Себебі, ол менің
-амандығым мен саулығым,
-бостандығым мен еркіндігім,
-дінім мен ділім;
-тілім мен елім;
-тыныштығым мен бейбіт өмірім,
-достығым мен татулығым,
-тоқтығым мен баршылығым;
-талғамым мен таңдауым;
-ұлт боп өніп, халық боп өсуім және менде бар мүмкіндіктер!

Бұлар барда ғана менің тірі жүргенімнің, өмірімнің мәні болмақ!
Құдай тағала, мені еш жерде сатылмайтын, таптырмайтын, әрі кез келгенге берілмейтін осындай байлықтан айыра көрме! Шүкір…

P.S. Айтпақшы, "21 жасқа жеткен жігіттердің де түрі көп… Мысалы, мұрнынан боғы ағып тұрандары да…”

asspankz@gmail.com

Көрсетілім: 670 | Қосқаны: Jakup | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика