Сенбі, 04.05.2024, 22:28
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Тамыз » 3 » Сөз құдіреті.
16:25
Сөз құдіреті.


Сөз, осы бір үш әріптен құралған дүниенің кереметіне тірі жан таласа алмаса керек. Осы бір ауыз сөздің кесірінен елмен-ел кетіскен, ермен-ер шабысқан замандар болған екен. Осы бір ауыз сөздің құдіретімен бабаларымыз бітіспес жер дауын, келіспес жесір дауын шешіп отырған екен. Қазақ халқы әу бастан-ақ сөзге тоқтаған, сөз қадірін білген елміз. Қазір сол бабаларымыздың тамаша қалпынан тайып барамыз ба деген күдік бар. Осы жайлы ойлана отырып бұрынырақ естіген бір әфсананы жариялағым келіп отыр.
Сонау ілгергі халықты хан билеген замандарда бір қаһарлы хан түс көріпті. Түсінде аузында бір тісінен басқа тістерінің бәрі түсіп қалыпты.Содан шошып оянған хан, орнынан тұра сала екі уәзірін шақыртып түсін жорытыпты. Хан:
-Түсімді менің көңіліме қарамай әділ жорыңдар, ұнаса си-сияпат аласыңдар,ұнамаса бастарыңды аламын»-депті. Содан бірінші уәзір:
-Түсіңіздің мәні былай хан ием, сіздің бар туғандарыңыз қырылып, жалғыз өзіңіз қаласыз»-депті. Сонда хан ашуланып:
-Бар туған-туысым қырылып қалса қалған өмір бос емес па, не деп отырсың?-деп басын шаптырып тастапты. Мұны көріп отырған екінші уәзір қорыққанынан дірілдеп, дүрыс жорыған уәзірдің басын шауып тастаған ханға, түсін қалай жорырын білмей:
-Хан ием, сіздің өмір жасыңыз қалған туыс-туғандарыңыздың бәрінен де ұзақ болады екен- деп жорыпты, сонда жаңа ғана қылышынан қан сорғавлатып отырған ханның жүзіне күлкі үйіріліп:
-Сен дұрыс жорыдың, сөз құдіреті деген осы»- деп си-сияпат жасапты дейді. Былайша қарасаң екеуінің де жоруы бір, бірақ соны құлаққа жеткізу өнері ғана бөлек. Бұдан шығар мораль: -«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»-болса керек.
Көрсетілім: 1381 | Қосқаны: Jakup | Теги: Сөз, шешендік. | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика