Сейсенбі, 07.05.2024, 02:39
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Шілде » 20 » Реніш, өкпе жайлы ойларым.
08:24
Реніш, өкпе жайлы ойларым.



 

 

 

            Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде ешкімді ренжітпей, ешкімге ренжімей өмір сүрсек қандай тамаша болар еді. Алайда ылғи осылай бола бере ме? Өмір болғаннан соң кейде амалдың жоқтығынан,кейбір сәттерде болмашы бір нәрседен реніш туып жатады. Негізі реніш себебі адамдардың бірін - бірі түсінісу ниетінің кемдігінен болады. Мен де жақында осы сайтта бір пікірлерін жақсы көретін бір інімді ренжітіп алдым,әрі соған өкінемін. Өзімнің тура санаған ойымды айтпауыма болмады, жауаптар сол бағытта кете берсе жастар қаталікке ұрына ма деген ниетпен қарсы жауап жазуға тура келді. Бірақ өмірде ондай реніштер бола береді. Аталарымыздың "Жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше,жаман адамның реніші басы көрге жеткенше"- деген сөзін бағдаршам қылып ұстасақ,көп реніштердің ұмытылуына септігі тиер еді -ау.
Мұсылманның "НАУРЫЗ"- мерекесін бәріміз білеміз ғой,Аллаға шүкір. Негізі жыл басы болып тойланса да осы мерекенің тағы бір атқаратын керемет міндеті (функциясы) бар. Ол осы мереке күні бұрын ренжісіп жүрген адамдар, өкпелерін кешіріп, төс түйістіріп қайта татуласатын болған. Бабаларымыз қандай реніш болсада бір жылдан ұзамасын деп татулықты,берекені ойлағанынан туындаған дәстүр емес пе? Сондықтан көңілдеріңізде біреуге деген өкпе,реніш болса ұзақ сақтамауға тырысыңыздар.Себебі кісілер жақын көретін адамдарына ренжиді,өкпелейді.Оларды өзімізден алшақтатпауға тырысайық,ағайын.

                                                                                                                      Jako.   

 

Көрсетілім: 1549 | Қосқаны: Jakup | Теги: өкпе., Реніш | Беделі: 4.0/1
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика