Дүйсенбі, 06.05.2024, 22:21
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Қараша » 1 » Оқып қой, ешнәрсең кетпейді!
16:01
Оқып қой, ешнәрсең кетпейді!

1. Жазсам ба, жаэбасам ба деп көп ойландым да, ақыры «кемедегінің жаны бір»- дегенді еске алып жазуға бел будым
2. «Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді»-деген мақал бастан кетпей отыр, мен таяқты 100 факттыдан жемесем болар еді.
3. Ал кеттім, нартәуекел…
4. Атым: Жақыпбек. Әкемнің аты: Жарылхасын.Шешемнің аты: Дәметкүл. Ал әжемнің, мен Апа деп атаушы өдім аты: Базаркүл.
5. Әкемде, Шешем де өте сауатты кісілер болды.
6. Өткен ғасырдың ортасынанаса Әулиеата өлкесінің Талас аймағында дүниеге
келдім. Жігіт шағымда:
" Үшарал, Талас өңірі туған жерім,
Ошақты, Аталығы менің өлім.
Сауықшыл сол елімнің арқасында,
Күнде той, күнде думан туған жерім"-деп келетін, домбырамен айтатын өлеңім бар еді,қазір ұмыта бастаппын.Ұмытпағанда ше, қазір бір қолтығымда 20- ғасыр, бір қолтығымда 21- ғасыр.

7. Мен дүниеге келгенде жанұямызда Әжем,Әкем, Шешем ғана бар екен, мен тұңғышымын дегенім ғой.
8. Менен кейін бұл отбасында бес ұл,үш қыз дүниеге келді.Демек 5 інім, 3 қарындасым бар.
9. Мені әжем бірден өз бауырына алып,өзіне еншіледі.
10. Әкем атадан жалғыздан жалғасып келе жатқан ұрпақ болғандықтан, әрі тұңғышы болғандықтан оған іні есебінде өстім.
11. Төрт жасымнан бері қарайғы барлық оқиғалар есімде.
12. Балалық шағым балдурен қызықпен өтті.
13. Әкем де, Шешем де балам деп маңдайымнан сүйіп көрген емес.
14. Керісінше Апамның бар ықыласы менің үстімде болды.
15. Бір үйде ұялы күшіктердей бірде таласып, бірде ауыз жаласып тоғыз бала өстік.
16. Сол күндерді сағынамын.
17. Мектепте, ауылда атақты бұзық болдым.
18. Бірде мұғалімдер бөлмесіне ешек қамап, «бұл жерде отырғандардың бәрі сенің коллегаларың»-деп жазып мойнына іліп кеткенім бар,өзім де таяқты жедім-ау.
19. Мектепте жақсы оқыдым, жанымды сол алып қалып жүрді.
20. Өнер деген көп болды, ән де салатынмын, үйірмелерден қалмайтынмын, Бірақ ең басты өнерім төбелес болды-ау деймін, үш жас жоғары,үш жас төмендердің бәрін дерлік сөйлетпедім-ау. Қатар түскендері болған шығар, асқандары анық жоқ.
21. Сөйтіп жүріп жігіттік дәуренге де жетіп қалғанымызды байқамапын.Бұл дәуренге өкпем жоқ, маған гүл боп келді, мен гүлдей қылып өткіздім. Тентектігім жанып тұрды, жиын-тойдың алдын бермедім, сұлу қарагер айғырым болды, көкпар шаптым, қысқасы жігіттіктен өз кезегінде ләззат таптым. Мен келе жатқанда қызы бар үйлердің бәрі есік терезелерін жауып алатын еді, бірақ қыздары бәрібір терезеден қашып шығатын.
22. Сөйтіп жүріп мектеп те бітті, мен Шымкент қалапсындағы энергия техникумға түстім (ЧЭТ) ол да бір қызықты өмір еді-ау.
23. Бұл техникумды бітірдім де іле-шала артынан Қаратау қаласындағы Тау-кен құрылысы технмкумына (КГСТ) сырттай оқуға түстім, оны да ойдағыдай бітірдім.
24. Ақыл тоқтатып, алды-артты бағдарлайтын, сабыр да керек екенін түсінетін шаққа келіп қалғанымды осы кезде аңғара бастадым-ау деймін.
25. Бұл кезде 23 жаста едім, қайран-ай десеңші.
26. Көңілден шықса қалғанын кейін жалғастырайын.

=)

СадкоЭфЭмде оқып, бір мақтан тұттым, фактіңізге екі риза болдым… Жалғасын міндетті түрде! ©

Рахмет, Ағасы =)
avatar
Жазуға тырысармын, бірақ қрағанға болмаса жазу оңай емес екен.
avatar
аха, олда бір, өміріңді ойша шаршап шығу емес пе… (шарлап, саралап)
Күнде той, күнде думан туған жерім"-деп келетін, домбырамен айтатын өлеңім бар еді,қазір ұмыта бастаппын.Ұмытпағанда ше, қазір бір қолтығымда 20- ғасыр, бір қолтығымда 21- ғасыр.
Домбыраны қазір тартып жүрсіз бе? Байқаймын жоқ. Үйде кешкісін қол боста тартып отсаңыз болатын сияқты ғой. Мына жазған өміріңіз өте қызықты. Келесісін топырлаған айтаберліктер болып күтуміз :))
avatar
Домбыраны тартамын әрине, отырыстарда, жиын-тойларда дегендей.
avatar
Естідік қой шет жағын, домбырамын ән айтқаныңызды. Әлі құлағымнан кетер емес.
avatar
Жако аға керемет жазыпсыз.
Тентектігім жанып тұрды, жиын-тойдың алдын бермедім, сұлу қарагер айғырым болды, көкпар шаптым, қысқасы жігіттіктен өз кезегінде ләззат таптым.
Жастық шағыңызда сері болыпсыз, міне нағыз қазақ!
avatar
18 жасыма дейін ауылда өстім ғой, ауылдың өз романтикасы бар емес пе?
avatar
Бірде мұғалімдер бөлмесіне ешек қамап, 
«бұл жерде отырғандардың бәрі сенің коллегаларың»-деп жазып мойнына іліп кеткенім бар

))) Тентек болғаныңыздың ең үлкен дәлелі осы шығар!
Жастық шағыңыз жалындап тұр екен, жалғасын күтеміз.
avatar
Балалықтан туған шалалық қой,қайран ұстаздарым-ай, сонымды да кешірді ғой.кешірмегенде кайтеді, бірдеңе десе Апам шу шығарарын біліп тұр оларда, бәрі ауылдың адамдары, ағайын-туған дегендей.
avatar
Жеңгемен\апаммен қалай танысқандарыңыз жайлы толығырақ…
avatar
Ол алда ғоо әлі)))
avatar
Қалай сындырғаның жазса тіптен керемет болар еді)))))))
avatar
адамның естеліктері ғана өзіне шынымен тиесілі ғой, естеліктеріңіз әдемі екен, бізге де әдемі еркелікпен әдемі есеюді жазсын!
avatar
Тілектеспін, негізі адамның жастық шағында, кейін жас ұлғайғанда сағына еске алатындай бірдеңелердің болғаны жақсы, оны кейінірек өздерің түсінесіңдер. Менде ондай бірдеңелер баршылық.
avatar
Мектерте тәртіпті болғаныма өкінішім жетеді. Кішкене бұзықтау болу керек еді. Осылай еске алып отыратын…
avatar
Керек, айтып отырмын ғой ол да керек,әлі кеш емес, тек қана асып кетпесін.
avatar
«ынжығыңнан бұзығыңның өзі артық» деген сөз бар. Керек кезінде үнсіз, қимылсыз қалмасаңыз болды, міндетті түрде бұзық болған қажет емес.
avatar
Асып кетпесін дегенім сол ғой.
avatar
Жако аға керемет! Ең болмағанда өз жасынызға толтырмадыңызба, 30 факт қылып))))
avatar
Қойшы, айналдырған 3-4 фактымен өз жасыма жетіп барсам, ар жақта нем қалды?
avatar
Жако ағамыз да таныстырып жазыпты, ағам тұрғанда мен өзімді жазуға ыңғайсызданатынмын. Ааал ағасы таныс болдық
avatar
Иә, таныстық Мақсат!
avatar
жұмысым бітсе өзімді бір шолып таныстырып жазармын)))
avatar
Міндетті түрде оқып шығамын.
avatar
)))) тағы бір қырынан танылдыңыз))) Ерболдың эстасын сіз алсаңыз, он бет етіп жазсаңыз да оқыр едім. Қалай?
avatar
Ол не нәрсе тағы, мен түсінетін зат болса жақсы болар еді.
avatar
Эстасын деген сілтемеге өтіп, посттың аяқ жақтағы екі ауыз сөзіне назар аударжжіверес па?
avatar
Оқыдым Көркем, Түсінген сияқтымын, ойланайын.
avatar
эстасын

кәнешнә, ағам түсінбейді
avatar
Жаке, керемет деуден басқа айтарым жоқ мүмкін болса жас мөлшеріңзді айта кетсеңіз мұнда жасыңызды біле бермейтіндерде бар сенсіреп жүргендер
avatar
Өткен ғасырдың ортасынан аса
Нұреке, жобалап айтып кеттім ғой,қорқып кетер.
avatar
Ағасы тамаша
avatar
18. Бірде мұғалімдер бөлмесіне ешек қамап, «бұл жерде отырғандардың бәрі сенің коллегаларың»-деп жазып мойнына іліп кеткенім бар,өзім де таяқты жедім-ау.
Қожеданда асып түсіпсіз ғой ужс))
26. Көңілден шықса қалғанын кейін жалғастырайын.
асыға күтеміз )
avatar
оқып қойдық, танысып қойдық, енді алып қояалық
Көрсетілім: 763 | Қосқаны: Jakup | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика