Дүйсенбі, 06.05.2024, 19:13
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Шілде » 26 » Әкемнің әңгімесі.
15:27
Әкемнің әңгімесі.


Әкемнің үлкен ұлы болғандықтан інісі есебінде өстім дағы арамызда келіспеушілік болып қала беретін. Әкем қарапайым темір ұстасы болғанымен, өте сауатты, көзі ашық, бұрынғылардың әңгімесін көп білетін адам еді.Сондай бір кезекті дауда мен әкеме:
— Сіз қарапайым ұстасыз, менің білімім сізден жоғары, осы мен сізден озып кеткен жоқпын ба? – дегенім бар емес пе, сонда әкем маған қарап тұрып:
— Сен менен аса алмайсың, мен де бола алмайсың, Оған дәлел ретінде Абай мен әкесі Құнанбай қажының әңгімесін айтып берейін – деді. Мен құлақ сала қойдым да әкем әңгімесін бастады.
— Бірде Абай әкесіне келіп сен құсап, -«Көке қалай ойлайсыз осы мен сізден озып кеткен жоқпын ба, Құнанбайды Тобықты, ары барса Найман таниды, ал Абайды бүкіл қазақ таниды емес пе» — депті, сонда Құнанбай қажы Абайға қарап отырып:
— Әй Абай-ай, мен сені ақылы толды, дана болды деп жүрсем,әлі де бала екенсің ғой, қалай түсінбегенсің, сен менен озып кету үшін алдымен Абайдай бала туғызып алуың керек емес пе?-деген екен, сонда Абай:
— Кешір, Көке-деп ұялғанынан орнынан тұрып кетіпті дейді. Мен осыдан асырып саған не айта аламын дегенде, мен де жердің тесігі болса кіріп кете жаздадым. Бұл жазбадан алар ғибрат –«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»-дегенге келсе керек
Көрсетілім: 1496 | Қосқаны: Jakup | Теги: бала, салт., Абай, Әке | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика