Дүйсенбі, 29.04.2024, 11:29
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2014 » Қаңтар » 6 » Құйма алтынмен күмісті өрнектеу
19:15
Құйма алтынмен күмісті өрнектеу


.JPGЖұмыр, домалақ, қырлы, төрт бұрыш және т. б. бейнелердегі заттарды тұтас құйма алтын, қүйма күмістен жасайды. Бұларға әр түрлі бейнеде құйылған жамбы, ат бас алтын, ділдә, құйма білезік, құйма жүзік, алтын аяқ, ақ жамбылар жатады. Алтын күмісті ерітіп, қалыпқа құйып бедерлеу әдісімен алтын қасық, күміс ожау, сағат қаптары сияқты заттар да істеледі. Құйма алтын мен құйма күміс халық дәстүрінде асыл қазына, үлкен мұра деп есептелген. Құйма алтын мен күмісті өрнектеу үшін оған қажетті қалып жасалады. Мұндай қалыптарды халық шеберлері қалайыдан, қорғасыннан, жезден немесе майдаланған саз балшықтан, қатты ағаштан, мүйізден жасайды. Қалыптың ішкі бетіне жасалатын өрнекті ояды немесе қалыптың өзін сол өрнекке қаптайды. Осындай қалыпқа құйылып шыққан сом алтын не күміс сол қалыптың ішіндегі әр түрлі өрнектермен бедерленіп шығады. Сол күміс пен алтынның беттерін асыл бізбен, өткір қашаумен, пышақтың ұшымен сызып өрнектеуге де болады.

Қолөнер шеберлері өрнектеліп болған заттарды әдемілеу үшін оны түрпі қағазбен, шұғамен, мақпалмен, жұмсақ матамен ысқылап, жылтыратады. Сақина, білезік, сырға, шолпы сияқты бұйымдарды қазақ зергерлері көбінесе осындай әдіспен жасайды. Сымға тартылып бір келкі созылған күміс жіптерді бұрап, өріп, тоқып, кейде алтын, күміс заттарға әр түрлі асыл тастардан көз орнатып, оларға мық қағу арқылы өрнекті, сәнді жиһаздар істейді. Әйелдердің омырауға тағатын алқа, тана, жарма, шытырман, қоза, көз түймелері сияқты заттарды көбінесе арнаулы қалыптарға салып сықап жасайды. Бұл үшін темір қалыптың үясына салынған жұқа және жұмсақ күмістің үстіне қатты кесек қорғасын қойып, содан кейін не күшті қысқымен басып сықайды, не қорғасынның үстінен балғамен ұрғылайды. Күш түскен қорғасын жұқа күмісті өрнекті қалыптың ішіне жапсыра кептеп тастайды, Осы әдіс арқылы қалыптағы өрнектің бедерлері күміске батады да, өзінің ою-өрнек іздерін қалдырады. Соңынан қорғасынды ыңғыру бізбен шұқып алып тастайды, кейде қорғасынды алмай, сол бетінде қалдырып та қояды.

Көрсетілім: 836 | Қосқаны: Jakup | Теги: қолөнер, күміс, зергерлік | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қаңтар 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика